» » «Сақалына сенген едім...»

«Сақалына сенген едім...»

Он сегіз мың әлемнің тілін білген Хазіреті Сүлеймен пайғамбар қанаты қырылған бір құсты көріп:
– Саған жәбір көрсеткен кім? – депті. Сонда құс:
– Ақсақалды бір кісі, – дейді. Хазіреті Сүлеймен:
– Онда ол ақсақалдың саған жәбір қылған саусақтарын кесеміз, – деп үкім айтыпты. Әлгі құс:
– Жо-жоқ, ол кісінің саусақтарын емес, сақалын кесу керек, – деп жалбарыныпты. Сүлеймен пайғамбар себебін сұрағанда, әлгі құс:
– Мен оның аппақ сақалына сеніп қалған едім, бұдан былай басқа құстар да сақалына алданып қалмасын, – деген екен.
Осы шағын диалогтан не түйдік? Шариғатымыз өмірде адам баласы түгілі хайуанаттарды да алдауға болмайтынын ескертеді. Әрине, алдау өтіріктің бір түрі. Ал өтірік айту ауыр күнә. Кейде біз баланы айтқанымызға көндіре алмағанда алдайтынымыз бар ғой. Тамақ ішуге шақырғанда келмесе, айтқаныңа көнбесе «Кел, кәмпит беремін», «Мә, тәтті-і шоколад екен» дейміз. Өмірі ақ парақтан ашылған сәби өтіріктің, алдаудың не екенін білмейді. Соған сеніп, мәз болып жүгіріп келетіні бар. Имам Ахмад ибн Ханбал Әбу Һурайрадан жеткізген хадисте: «Кімде кім сәби балаға «мынаны ал деп» шақырып алып, оған ештеме бермесе, ол адам өтірікші болады» дейді. Осыны да ескерген жөн болар.
Ал Имам Әбу Дауд риуаят еткен хадис шәріпте Әбдулла ибн Әмір: «Мен кішкентай бала болатынмын. Анам: «Әй, Әбдулла бері кел, бір нәрсе беремін» деп шақырды. Пайғамбарымыз анама: «Не берейін деген едің?» деп сұрады. Анам: «Құрма берем» деді. Пайғамбарымыз: «Егер шақырып алып ешнәрсе бермесең, саған бір күнә жазылатын еді» дейді.
Айнұр ӘЛИ
11 шілде 2022 ж. 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031