» » Абзал жанды дәрігер

Абзал жанды дәрігер

Аудандық аурухана ауласы жаздың аптабында қаз-қатар өскен, жапырағы жайқалған талдарымен еңсеңді көтереді. Тып-тынық жайлылық пен тап-таза аула жаныңды тыныштандырады. Дегенмен оның ішінде талай қызметкерлер нардың жүгін арқалап, талай науқас дертіне дауа іздеп жүргенін жақсы білеміз. Бұл жолы аудандық ауруханаға таң атқанда бас сұқтық.
Мұнда біз 1-қабатта орналасқан жалпы тәжірибелік дәрігердің бөлмесіне аялдадық. Есік алдында кезегін күткен тұрғындар. Дәрігердің жұмысына кедергі келтірмейік деген ниетпен біз де кезек күттік. Бірер уақыттан соң адам аяғы да суыды. Бөлмеге кіріп, келген себебімізді айттық. Ә дегеннен ақтарыла, жадырай қарсы алған дәрігер – Наурызбай Қозанов еді.
Ол 1990 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. О.Шораяқұлы атындағы №30 мектепті ойдағыдай тәмамдаған соң Ақтөбе қаласына арман қуып оқуға түседі. Батыс Қазақстан Медициналық университетін бітірген ол 2015 жылы аудандық ауруханада алғашқы еңбек жолын бастайды. Бүгінде дәрігер жалпы тәжірибелік дәрігер болып қызметін адал атқарып келеді.
– Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі, дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек. Сондай-ақ, олардың адам өміріне жауапкершілігі, құлшынысы мен адалдығы, адамдығы маңызды. Дәрігер болатын жанға үлкен жүрек керегі, ақ халатты кір шалдырмау керегі де бекер айтылмайды. Біздің қызмет осы – халыққа адал қызмет көрсету, – дейді Наурызбай Қаршығаұлы.
Әрине, дәрігер туралы жазған соң оның қызметтегі жетістіктері туралы айту бар. Біздің кейіпкер де сол қызметімен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Түрлі марапаттарға ие болып, биіктен көрініп жүргенін де қызметтестері жасырмайды.
Иә, дәрігер болуды арман ететіндер көп. Алайда, екінің бірі дәрігер бола алмасы анық. Ол үшін дәрігерлік қызметке деген қызығушылық пен мамандық алу ғана жеткіліксіз. Қанша сын айтылса да, халық дәрігерлер қауымын ерекше құрмет тұтатыны ақиқат.
Мамандықтың бəрі жақсы, бірақ дəрігерліктің орны бөлек. Бұл əрі күрделі, əрі қастерлі мамандық. Дəрігер өзін мамандығына лайықты ұстаса, оған құрмет пен халықтың ықылас-сенімі арта бермек.
Айнұр ӘЛИ
20 маусым 2022 ж. 903 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 189
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031