» » Өлкенің гүл жайнаған балғындары

Өлкенің гүл жайнаған балғындары

«Дәметкен-ана» оңалту орталығы ауданда 3 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әрбір мерекені ерекше етіп өткізуге тырысатын ұжым «Балалар жылы» аясындағы мерекені де өзгеше форматта атап өтті. Орталықта «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, оған ерекше балалар мен ата-аналар қатысты.  
Балалардың мерейлі мерекесіне «Дәметкен» қайырымдылық қорының құрылтайшылары Зарқұм Бекжанов пен Дина Исмаилова арнайы келіп, бүлдіршіндерге орталық аумағынан ойын алаңын сыйға тартты.
– Балалар – адамзаттың жалғасы, ата-аналар үшін өмірдің мәні мен қуанышы, олар халықтың және елдің басты байлығы. Балаларды тәрбиелеумен қазіргі ата-аналар еліміздің болашақ тарихын тәрбиелейді, демек әлем тарихын тәрбиелейді, – деген қор президенті Дина Исмаилова ата-аналарына балаларды тәрбиелеудегі ереулі еңбегі мен сүйіспеншілігі үшін алғыс айтты. «Дәметкен-ана» оңалту орталығының негізгі мақсаты – балалардың өмір сүру құқығын, отбасы ортасында өмір сүру және баланың жеке басын дамытуға, қорғауға, денсаулығын нығайтуға, білім алуға және мәдени дамуына септігін тигізу болып табылады.
Сонымен қатар мерекеліс іс-шараға арнайы келген «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақыткүл Райымбаева, аудандық білім бөлімінің әдіскері Айгерім Кенжебаева, №20 «Толғанай» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Гүлзат Қарабисеновалар сөз сөйлеп,  бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ пен ата-аналарының жылы алақандарының аясында алаңсыз ержетулеріне, болашақта еліміздің мықты азаматы болып өсулеріне тілектестік білдіріп, мерекелік шағын сыйлықтар ұсынды.
Орталық тәрбиеленушілері өз өнері арқылы түрлі сайыстарға қатысып отырады. Осындай бір сайыстың қорытындысы жарияланып, бүлдіршіндерді екі есе қуантты. Ол – «Балалар жылы» қарсаңында «MANGILIK EL JASTARY» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Менің мейірімді тәрбиешім» атты мектепалды даярлық және балабақша тәрбиеленушілеріне арналған онлайн байқау.  Осы сайыстың «сурет салу» аталымы бойынша Ләззат Оралбай, Аян Сейсенбек, Мирас Әшірбек, Ерасыл Қалымдар І орын алса, Айбике Әбдімәжит ІІ орын иеленген. 5 тәрбиеленушінің жүлделі орындардан көрінуі – орталық үшін  үлкен жетістік. Бұл жеңіске тәрбиеші де, ата-ана да, бала да қуанышты. Жеңімпаздарға республикалық байқаудың марапаты табысталып, сыйлықтар тапсырылды.
– Біздің қоғамда барлық бала бақытты болып, білім алуы және өздеріне ұнайтын қалаған істерімен айналыса алуы тиіс. Бала – біздің болашағымыз, оларға қамқорлық таныту – баршамыздың міндетіміз. Сол себептен балалардың көңілін қалдырмай, олардың әрдайым бақытты болуларына жұмыла үлес қосайық, – деп жиынды қорытындылады Д.Исмаилова.
Осындай шуақты күні Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің оқушылары өлең оқыса, Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінің шәкірттері жырдан шашу шашты.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
14 маусым 2022 ж. 708 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 059

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031