» » Балаларға – базарлық

Балаларға – базарлық


Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.  Қазақ бала десе ішкен асын жерге қойып, барын алдына тосып, ешкімнен кем қалмай өсуіне барлық жағдай жасаған. Иә, «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деген сөздің қалуы да содан. Айтпағымыз, ертең балаларды қорғау күні. Ал сол күн бала езуіне үйірілген күлкі ата-ананың да қызық-қуанышы болмақ.
Орталық алаңда жүйткіген көліктерді көріп қуанып қалдық. Кәнігі темір тұлпар емес, кішкентай балақайларға арналған түрлі ойыншық мәшинелер. Ақ, қара, қызыл түсімен жалтырап көздің жауын алады. Жадырай шаттыққа бөленген балалар кезекпе-кезек көлік тізгіндеп, жүйткіп жүр. Мұндай қуанышты сыйлаған кент тұрғыны – Қайрат Алманов. Оның айтуынша, алдағы уақытта орталықтағы біз көрген көліктерден тағы бірнешеуі келеді екен.
– Көліктер белгілі бір уақытқа жалға беріледі. Бағасы қалтаға қонымды. Барлығы да арнайы құрылғымен басқарылады. Қазір 8 ойыншық көлік бар. Алдағы уақытта қатарын тағы толықтырмақпыз. Мұндай бастаманы қолға алып, осындай балаларды қуантатын дүниені бастауыма түрткі болған өзімнің балаларым. Қос батырымнан соң қызғалдақтай гүлім өмірге келді. Олардың қуанғанын, күлкі-шаттығын көрген сайын өмірге деген құлшыныс арта түседі,  – дейді Қайрат Болатбекұлы.
Ол бұл істі бос уақытында атқарады. Қазіргі уақытта бала күтімімен демалыста отырған зайыбы Ақнұр Ердүйсенқызымен әрдайым орталық басынан табылып, отбасылық шағын кәсібін өркендетуде. Кешкі сағат 19.00-ден бастап жүйткитін көліктер түн ауа бір-ақ тарқайды. Ал кешқұрым кішкентай бүлдіршін, баласын ерткен ата-ана осы көліктерге мінгізіп, қуанышын көріп шаттануда.
Иә, қазақ баланың титтейінен тәтті қы­лықтарын қызықтап, жақсылықтарына қуанып, мерейлерін асырған емес пе?
Бала қуанышы қашан да жүректі де, жанды да жылытады. Жүзге ерексіз күлкі мен шаттық сыйлайды. Балалық шақ ең таза, кіршіксіз кезең. «Бақыт деген – менің бала күндерім» деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай, балалық әркімнің жадында қызықтармен, шат-шадыман ойын, риясыз күлкімен есте қалуы керек. Ойын баласы үшін ойыннан артық қызық жоқ-ау, сірә?!
Айнұр ӘЛИ
01 маусым 2022 ж. 577 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 276

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 373

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930