» » Ел екпеден қашпаса...

Ел екпеден қашпаса...


ДҮНИЕНІ ДҮРБЕЛЕҢГЕ САЛЫП, ҚОРҚЫНЫШ ҚҰШАҒЫНА ОРАҒАН КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНІҢ ҚАУПІ ӘЛІ ДЕ СЕЙІЛЕ ҚОЙҒАН ЖОҚ. АТЫ ЖАМАН АУРУМЕН АРПАЛЫСҚАНЫМЫЗҒА ДА МІНЕ, ЕКІ ЖЫЛДАН АСТЫ. ОСЫ АРАЛЫҚТА «ВИРУС», «ВАКЦИНА» СӨЗДЕРІ ҮЙРЕНШІКТІ БОЛЫП, ӨМІРІМІЗГЕ ЕНІП КЕТТІ. ОНЫМЕН ҚОСА «РЕВАКЦИНАЦИЯ» ДЕГЕН ТЕРМИН ТАҒЫ БАР. АХУАЛДЫ БІЛМЕККЕ МАМАНДАРҒА ЖҮГІНДІК.
Олардың айтуынша, аудан бойынша коронавирусты инфекциясынан эпидемиологиялық ахуал «тұрақты» деп бағалануда. Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген COVID-19 инфекциясы әлі басылмай тұр дейді олар. Аты жаман індетті ауыздықтау мақсатында коронавирусқа қарсы түрлі вакцина пайда болып, елімізде екпе алу науқаны өткен болатын. Ал қазіргі таңда вакцинаның екі компонентін де алған жандарға белгілі бір уақыттан соң ревакцинация жүргізіліп жатыр. Қазіргі жағдайда вакцина мен ревакцинацияның қажеттілігі зор екенін түсініп жатырмыз.
Ауданның барлық егу пункттерінде вакцинациямен қатар халықты COVID-19-ға қарсы ревакцинациялау да жүргізілуде. Бірінші кезекте қайта вакцинаны халықпен тікелей жұмыс істейтін мамандар алады. Олардың қатарында құқық қорғау органдарының, медицина қызметкерлері, мұғалімдер, созылмалы ауруы бар осал топтардың азаматтары, тағы басқалары бар.
Ауданның бас санитар дәрігері Гүлнар Төлепбергенованың айтуынша, вакцинация коронавирустық инфекцияның алдын алудың ең тиімді әдісі болса, ревакцинация иммунитетті арттырады.
– Байқоңыр қаласы, "комирнати" вакцинациясы бойынша I тур жоспары – 3528 болса, оның 3327-сі орындалды. Ал ревакцинация жоспары – 11343 болса, орындалғаны – 11343. Қармақшы ауданындағы "комирнати" вакцинациясы бойынша, I турда 3240 болса, оның 3240-ы орындалды. Оның ішінде 12-14 жастағы балалар – 1594, 15 жастағы балалар – 448, жүкті әйелдер – 51, емізулі аналар – 418, 16-17 жастағылар – 729. Аудан бойынша ревакцинация жоспары – 13734 болса, оның орындалғаны – 13734. Яки медициналық қызметкерлер – 491, мұғалімдер – 1030, полицейлер – 84, студенттер – 98, мемлекеттік қызметкерлер – 110, басқалар – 11921. Аудан тұрғындарына коронавирустық инфекция­дан қорғану, ауырмау үшін бірінші кезекте вакцина алу керегін ескерте отырып, өз денсаулығын сақтауға шақырамыз, – дейді аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлнар Төлепбергенова.
Мамандар айтқандай, жаңа штаммдарға ағзаның иммунитетін қалыптастыру үшін ревакцинацияның маңызы зор. Сол себепті таралып жатқан вирустардан, түрлі аурулардан қорғанып, иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина алу өте маңызды.

Айнұр ӘЛИ
21 мамыр 2022 ж. 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031