» » Ревакцинациядан өту – саулық кепілі

Ревакцинациядан өту – саулық кепілі

Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген COVID-19 инфекциясы әлі басылмай тұр. Аты жаман індетті ауыздықтау мақсатында коронавирусқа қарсы түрлі вакцина пайда болып, елімізде екпе алу науқаны өткен болатын. Ал қазіргі таңда вакцинаның екі компонентін де алған жандарға белгілі бір уақыттан соң ревакцинация жүргізіліп жатыр. Қазіргі жағдайда вакцина мен ревакцинацияның қажеттілігі зор.
Ауданның барлық егу пунктерінде вакцинациямен қатар халықты COVID-19-ға қарсы ревакцинациялау да жүргізілуде. Бірінші кезекте қайта вакцинаны халықпен тікелей жұмыс істейтін мамандар алады. Олардың қатарында құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина қызметкерлері, мұғалімдер және созылмалы ауруы бар осал топтардың азаматтары және тағы басқалары бар.
Ауданның бас санитар дәрігері Гүлнар Төлепбергенованың айтуынша, вакцинация коронавирустық инфекцияның алдын алудың ең тиімді әдісі болса, ревакцинация иммунитетті арттырады.
– Қазіргі таңда ауданда ревакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл вакцинациялаудан кейін алынған иммунитетті сақтауға бағытталған қайта егу. Процедура үдеткіш инъекция деп те аталады, яғни «күшейту». Бүгінгі таңда аудан бойынша барлығы 8387 адам екпе алса, Байқоңыр қаласы бойынша 2792 адам ревакцинациядан өтті. Екпені үшінші рет алғандардың басым көпшілігі медицина қызметкерлері, педагогтар, полиция және күш құрылымдары қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер және студенттер. Вакцина алған адамдар ауруды жеңіл еңсеруде. Аудан тұрғындарын сақтық шараларын қатаң сақтап, індеттің одан әрі өршуіне тосқауыл болуға шақырамын, – дейді ауданның бас санитар дәрігері Гүлнар Төлепбергенова.
Үшінші вакцинациядан кейін адам ағзасы бактериялармен немесе вирустармен бірнеше рет соқтығысқан кезде онымен қалай күресу керегін «білетін» нақты антиденелер шы­ғарады. Ауданда бар препараттармен қайта вакциналануға болады. Олардың барлығы өз тиімділігін көрсетіп келеді. Әсіресе созылмалы аурулары бар адамдарға ревакцинацияға асығу өте маңызды, оларда коронавирус жұқтырған кезде асқынулар жиі кездеседі. «Омикрон» әлемде өте тез таралып жатқандықтан, дәрігерлердің ұсыныстарына құлақ асып, ревакцинациядан өту маңызды.
Дәрігерлердің айтуынша, бұған дейін ревакцинация мерзімі 9 ай болса, эпиджағдай күрт қиындаған соң, аралық 6 айға өзгерген. Яғни, вакцинаның екінші компонентін алғанына 6 ай толған кез келген азамат тегін ревакцинация жасай алады. Бүгінде 18 жастан асқан, ревакцинациядан өтетін азаматтар үшін QazVac және «Спутник Лайт»  екпелері қолжетімді.
– Коронавирус инфекциясы қазіргі таңда тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді дүр сілкіндіргені анық. Соңғы кезде «омикрон» штаммы белең алуда. Осы уақытқа дейін КВИ-ға қарсы вакцинацияның екі бөлігін алып, барымызша сақтандық. Алты ай өткен соң, жақында үшінші дозасын қабылдап, ревакцинациядан өттім. Өзімді жақсы сезінемін. Ешқандай ауырсыну болған жоқ. Ревакцинация не үшін керек десеңіз, ол – коронавирустың жаңадан шыққан штаммдарына қарсы күресу, адам ағзасындағы иммунитетті қалыптастыру, антиденелердің пайда болуына үлкен көмегін тигізеді. Осы кезге дейін вакцинаның екі дозасын алған әріптестерім, туысқандарым, дос­тарым бұл аурудан аман-есен. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл ауруды біз бірлікпен күрескен жағдайда ғана жеңе аламыз  деп ойлаймын. Менің түсінігімде вакцина алу – өміріңді қорғаумен тең, – дейді тәрбиеші Балжан Құрманбекова.
Білім бөлімі мамандарының сөзінше, мұғалімдер үшін бірінші кезекте ревакцинациядан өту маңызды, өйткені денсаулықтан бөлек, бұл оқу процесіне де әсер етуі мүмкін. Мысалы, мұғалімде коронавирус анықталар болса, ол 14 күн бойы үй карантинінде болады, бұл оқу процесіне қосымша күш түсіреді.
Ұстаздар қауымы өз денсаулықтарын қорғап қана қоймай, оқушыларын вирустан қорғау үшін белсенді түрде ревакцинациядан өтуде. «Біз, мұғалімдер, сондай-ақ балалар мен ата-аналар әрине, офлайн режим болғанын қалаймыз, өйткені бұл тиімді оқыту және жанды қарым-қатынас. Вакцинация және ревакцинация ең алдымен мектепте оқитын оқушылардың денсаулығының қауіпсіздігі үшін қажет. Біз белсенді азамат ретінде алғашқылардың бірі болып вакцинацияландық, енді ревакцинациядан да өттік» дейді олар.
Мамандар айтқандай, жаңа штаммдарға ағзаның иммунитетін қалыптастыру үшін ревакцинацияның маңызы зор. Сол себепті таралып жатқан вирустардан, түрлі аурулардан қорғанып, иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина алу денсаулығымыз үшін өте маңызды. Елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырып, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қоғам алдында әрбір азамат жауапкершілік танытуы тиіс. Санитарлық талаптар сақталып, ревацинациядан өткендердің саны артса, індеттің іргесі алыстайтын күн де алыс емес.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
19 ақпан 2022 ж. 468 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031