» » Орайын тапқанға – оң бағыт

Орайын тапқанға – оң бағыт

Жақсы жаңалық естісек жас балаша қуанып, оны көпшілікке насихаттауға асығатын жайымыз бар. Сондағы мақсат – кәсіп ашып, көсегесін көгертіп, көкжиегін кеңейткен кәсіпкерлер көпке үлгі болса дейсің. Бүгінгі кейіпкеріміз де сол, жақындарының қолдауымен, алға қойған арманын айқындап, мақсатын мықтаған жан – Гүлбану Мукумниязова.
Кәсіпкермен байланысқанымызда жұмысы қауырт екенін байқадық. Олай болмағанда ше? Осыдан бір апта бұрын ашылған асхананың жұмысы қайнаған тіршілікке толы.
– Шыны керек, кәсіптің ашылғанына көп болмады. Алайда осылай өздеріңіз хабарласып, газетке шығарамыз дегендеріңіз күтпеген жағдай болды. Бұл кәсіпті бастарда толқыныс болғаны рас. 10 жылдан бері осы Ақай ауылында ашылмай тұрған дүкен бар еді. Соны алғанымызға 9 ай уақыт болыпты. Сол уақыт аралығында осы кәсіпті бастап кетуге табандылық таныта алмадым. Шешім қабылдауға ойдағы кедергілер көп болды. Бойыма сенімділік пен жігер берген жолдасым болатын. Сол кісі «Қолыңнан бәрі келеді. Неге кәсіп ашпасқа? Пісірген тағамдарың, бөлке нандарың, бәліштерің тәтті ғой. Соны халыққа ұсын» деп дем берді. Жанашыр, жақын адамдарымның қолдауымен міне «Bistro Food» асханасы 9.00-ден 23.00-ге дейін қызмет етіп тұр. Мұнда түрлі фаст фуд өнімдері, тәтті бәліштер мен салаттар, тәтті сусындар ұсынылады, – дейді Гүлбану Абдимуратқызы.
Расымен, асхана тола тәтті тағамдар. Тұрғындар да дән риза. Қалтаға қонымды бағада сапалы қызметін ұсынатын жерлестерінің же­тістігі үшін ақайлықтар қуа­нышты. Мұның өзі – кәсіпкер идеясының қанатқақты жобаға айналып, өрге басқан кәсіп болатынының дәлелі. Бүгінде ол мемлекеттік бағдарламаға тіркеліпті, ендігі кезегін күту қалған. Алдағы уақытта жобасы қолдау тапса, түрлі жартылай дайын тағамдарды жасамақ. Қажетті құрал-жабдығын алып, балаларға пайдалы, қоспасыз тағамдарды әзірлемек. Кәсібін жолға қойған оның ынта-ықыласы биік мақсаттарға жол сілтегендей. Асыл жар, аяулы ана осылайша кәсіпке де, үй шаруасына да уақыт табады.
– Кәсіппен айналысу кез келгеннің қолынан келеді. Бас­тысы – ниет. Жастарға кәсіп ашуға, сол арқылы өзін-өзі қамтуға кеңес беремін. Нарықтық қоғам «алма піс, аузыма түс» деп жатуды көтермейді. Бұл – мен армандаған ойдың бірінші сатысы. Ендігі мақсат – осы кәсіпті одан әрі кеңейту, – дейді кәсіпкердің өзі.
Айнұр ӘЛИ
12 мамыр 2022 ж. 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031