» » Озат су маманы

Озат су маманы


КӨКТЕМ КЕЛІП ЖЕР КӨГЕРГЕЛІ, ДАЛА ТЕХНИКАНЫҢ ГҮРІЛІМЕН ЖАҢҒЫРЫП ЖАТҚАНЫ СӨЗСІЗ. ӘСІРЕСЕ ЕГІС БАСЫНДАҒЫ ҚЫЗУ ТІРШІЛІК ҚҰЛА ТАҢНАН КЕШ БАТҚАНҒА ДЕЙІН ТЫНЫМСЫЗ ЖАЛҒАСУДА. СЕБЕБІ АЙТПАСА ДА БЕЛГІЛІ. ДИҚАНШЫЛАР ЖЕР-АНАНЫҢ ЖОМАРТТЫҒЫН ПАЙДАЛАНЫП, БИЫЛҒЫ СЫР САЛЫСЫН БЫЛТЫРҒЫДАН ДА КӨП ӨНІМ АЛУЫ ҮШІН БАРЫН САЛЫП ЖАТЫР. МҰНДАЙДА ЕГІННІҢ БІТІК ШЫҒУЫ, СУ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАЙ, УАҚЫТЫЛЫ СУАРЫЛУЫНА ДА БАЙЛАНЫСТЫ. ЯҒНИ СУ МАМАНЫНА ДА АРТЫЛАР ЖАУАПТЫ МІНДЕТ ЖОҒАРЫ. СӨЗІМІЗГЕ АРҚАУ ЕТКЕЛІ ОТЫРҒАН ЕҢБЕК АДАМЫ – МЫРЗАБЕК СМАҒҰЛОВ. ОЛ "АҚТӨБЕ И К" ЖШС-НЫҢ ОЗАТ СУШЫСЫ.
Былтыр су тапшылығы Сырдағы шаруашылықтарды әбігерге салып, бүйірден қысты. Еңбектің зая кетпеуіне алаңдаған шаруашылықтың мамандары қалайда сусыз қалмаудың жолын жасады. Кейіпкеріміз де бұл тығырықтан шығар жолды алдын ала ойластырғанның арқасында мол өнімге қол жеткізгенін жасырмады.
– Сырдағы судың азаюы біздерді қатты уайымға салды. Олай дейтінім күріш суды көп қажет етеді. Одан бөлек барлық бригадаға суды теңдей бөліп беру керек. Ауылда екі шаруашылық бар. Оларға да сұраған су көлемін жіберуің керек. Өзімізде су тапшылығы болмау үшін Шымкенттен 3 үлкен насос сатып алдық. Оның екеуі тоқпен істесе, үшіншісі трактордың көмегімен жұмыс істейді. Соны Жаңажолмен екі ортадағы орталық каналға құрып, су алдық. Міне осының арқасында аса қиыншылық көре қойған жоқпыз. Ал енді диқаншыларға су үлестіріп беру де оңай шаруа емес. Азаннан ерте жұмыс басталғаннан әр бригаданы аралап, судың жету жетпеуін бақылауда ұстап отырамыз. Су бармаған жерлер болса шаруашылық басшысы, бас агроном бірлесіп соның жолын қарастырамыз. Биыл аса су тапшылығы болмайды деген болжам бар. Ләйім солай болып жатса диқаншылар жақсы өнім алады деген үмітіміз бар, – дейді Мырзабек ағамыз.
Кейіпкеріміз егін саласын же­тік меңгерген білікті маман. Ол осыған дейін күріш егіп, үздіктердің қатарынан түспеген. Кезінде ардагерлер кеңесінің төрағасы болған, мықты бригадир Садық Ермахановтың шәкірті. Әңгіме барысында ұстазының талапшылдығын, тәртіпке қаталдығын ерекше толғаныспен еске алды. «Садық ағамыз адамның еңбегін жақсы бағалайтын. Біз ол кісінің қабағының астымен жұмсағанынан-ақ жүгіріп кететінбіз» дейді ол. Шаруашылықтан қол үзбеген Мырзабек ағамыз 2017 жылы зейнетке шықса да, қазіргі таңда сушы қызметін атқаруда. Кешегі дала еңбеккерлерінің жыл қорытындысында шаруашылықтың 1407 гектар күріші мен 653 гектар жоңышқасын уақытылы сумен қамтамасыз еткені үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, «Озат су маманы» атанды.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
19 сәуір 2022 ж. 699 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031