» » Озат күнбағыс өсіруші

Озат күнбағыс өсіруші


СОҢҒЫ ЕКІ-ҮШ ЖЫЛДА СЫР ДИҚАНДАРЫ СУ ТАПШЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕГІС КӨЛЕМІН ҚЫСҚАРТЫП, АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА СУДЫ АСА КӨП ҚАЖЕТ ЕТПЕЙТІН ДАҚЫЛДАРДЫ ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ. ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ДИҚАНДАР СУДЫ ҮНЕМДЕУДІ НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП ӨНІМ ӨНДІРУ МӘСЕЛЕСІНДЕ ТАҒЫ ДА ЕРЕКШЕ ЕКПІН ЖАСАДЫ. СОНЫҢ БІРІ – АҚЖАР АУЫЛЫНДАҒЫ «ОРАЗ АХУН ЛТД» ЖШС БИЫЛДАН БАСТАП КҮНБАҒЫС ДАҚЫЛЫН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ.
Сырдың суы сарқылып, енді қандай күй кештік деген шаруашылыққа биылғы жыл оңай болмапты. Алайда үйреншікті кәсіптерінен оңтайлы шешім қабылдап, әртараптандыру бағыты бойынша 10 гектар жерге күнбағыс өсімдігін еккен.
– Жалпы Сырдағы болып жатқан су тапшылығы баршаға мәлім. Осыған орай ауы­лымыз бірінші рет күнбағыс өсіруге бел байлады. Бұл әдеттегідей көктемде басталып, күзде аяқталды. Күнбағыс күріш секілді шығуы күрделі емес. Ол өзінің бастапқы өніп-шығу кезеңінен бастап, гүл жару кезеңіне дейін суыққа, құрғақшылыққа төзімді болып келеді. Былайша айтқанда жеріміздің қатаң климатына бейімділігімен ерекшеленеді, – дейді күнбағыс өсіруші Бердіғұл Өміров.
Ағамыз бұған дейін шаруашылықтағы №2 бригадасында күрішші, сушы қызметін атқарған. Биылғы жылы судың азаюына байланысты күнбағыс дақылын өсіруді өзі таңдапты. Алайда оның да өз машақаты жетерлік.
– Тәжірибе ретінде көктемде пістенің үш түрлі сортын яғни майда қара, қара ала және аппақ түрі жерге себілді. Ол суды көп қажет етпейді. Маусым айында 1 мәрте суарылады. Сонымен қатар басқа дақылдар секілді минералды тыңайтқыштар міндетті түрде беріледі. Қалың өскен жерлері болса бірленеді. Әр өсімдіктің өз жауы бар демекші, құстардан қорып отыруың керек. Қысқасы ала жаздай еңбегіміз ақталып, тәжірибеміз жақсы нәтиже көрсетті. Бұл да бір үлкен жетістігіміздің бірі, – дейді ол.
Шаруашылық келер жылы күнбағысты өсіру жұмысын 150 гектарға ұлғайтуды көздеп отыр. Мұнан бөлек, ауылдан шағын цех ашып, күнбағыс майын шығаруды жоспарға қойған. Қазіргі таңда станоктары алынған. Бұйырса, алдағы уақытта жергілікті жердің өнімін тұтынар күн де алыс емес. Кешегі «Алтын дән – 2021» мерекесінде Бердіғұл Өміров еңбегіне қарай «Озат күнбағыс өсіруші» номинациясына ие болып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
20 қараша 2021 ж. 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930