» » Дала жұмысы басталды

Дала жұмысы басталды


Алты ай қыстың беті қайтып, жердің тоңы ери бастады. Көктем шықса ең бірінші жер-жерде егін науқанына дайындық басталатыны сөзсіз. Дала жұмыстары мұндайда тыңғылықты істі қажет етеді. Ал ауданымызда көктемнің шуағы, Жер-Ананың қызуымен егілетін көктемгі егістің жайы қалай? Қанша гектарға дән егілмекші? Оған қатысатын техника сай ма?
Биыл вегетациялық мүмкіндік­терге байланысты жоспарлау жұ­мыстары әзірленді. Жалпы аудан шаруашылықтарының 15 мың гектар жерге күріш дақылын орналастыру мүмкіндіктері бар. Дегенмен, соңғы жылдары су деңгейінің төмендеуіне байланысты 13 мың гектар шамасында күріш егіліп келеді. Осы жылы да барлық жағдай ескеріліп, күріш дақылының орналасатын көлемі белгіленді. Сонымен қатар күріш – 14 000 гектар, жаздық бидай – 1100 гектар, мақсары – 1100 гектар, картоп – 483 гектар, көкөніс – 448 гектар, бақша – 600 гектар, соя – 50 гектар, арпа – 200 гектар, жүгері – 100 гектар, күнбағыс – 12 гектар, құмай – 50 гектар, жаңа жоңышқа – 3360 гектар, ескі жоңышқа – 5371 гектар, барлығы – 26874 гектарға егіс орналастыру жоспарлануда. Қазіргі таңда аудан бойынша ерте егілетін ақ егістерден жаңа жоңышқа – 770 гектар, мақсары – 290 гектар, жаздық бидай – 470 гектар жерге орналастырылды.
Техника бойынша ауылшаруа­шы­лығы құрылымдарымен бірлесіп, көктемгі егіс жұмыстарына қатысатын техникалардың дайындығы тұрақты түрде бақыланып, есебі алынуда. Биылғы жылы дала жұмыстарына 161 трактор, 48 соқа, 25 тұқым сепкіш, 62 автомашина, 94 трактор тіркемесі қатыспақ.
Жоспарланған егіс көлеміне сәй­кес себілетін тұқым көлемі де нақ­тыланып, шаруашылықтармен талдау жасалынған. Мәселен, егіс жұмыстарына 3920 тонна күріш тұқымы қажет болса, қолда бары 4240 тонна. Ал тазартылғаны 1950 тонна.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар картоп, сәбіз, жуа, қырыққабат өнімдерімен ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында жеке секторда орналастыратын егіс көлемі нақтыланған. Жеке секторда 169 гектар картоп, 43 гектар жуа, 73 гектар сәбіз, 43 гектар қырыққабат, 136 гектар қауын, 136 гектар қарбыз егу жоспарланған.
Егіннің жақсы шығуына минералды тыңайтқыштардың әсері мол. Биылғы егіс жоспарына барлығы 14415 тонна тыңайтқыш пен 13465 литр гербицид қажет деп отыр мамандар.
Биыл «Су тарту қондырғыларын пайдаланып қашыртқы суларын қайта пайдалану арқылы егістіктерді суландыру» бойынша бірнеше жобалар қолға алынуда. Сонымен қатар суды үнемдеу мақсатында заманауи технологияларды пайдаланып, аудан бойын­ша күріш егісі егілетін жерлер лазерлі жер тегістегіштермен тегістелсе, тамшылатып суару әдісі бойынша екі шаруашылықта инновациялық тәсілдер енгізу жоспарлануда. Өткен жылғы егіске пайдаланылатын суармалы судың тапшылығына байланысты «Батыс Қармақшы» қашыртқысынан «Қурайлы» каналының П309 пикетіне қосымша су алу үшін ұзындығы 11 шақырымды құрайтын канал қазылған.
Көктемгі егіс-дала жұмыстары алдағы уақытта да қарқын ала түспек. Ендігі міндет берілген мүмкіндікті толық пайдалана отырып, ұйымшылдықпен еңбек ету. Өйткені, көктемнің әр күні – жылға азық.

Ерсін ӘЛІБАЙ
29 наурыз 2022 ж. 777 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 737

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 790

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031