» » Күрішті көшеттеп егу технологиясы енгізілмек

Күрішті көшеттеп егу технологиясы енгізілмек

Сырбойылық дихандар енді күрішті көшеттеп егу технологиясына көшеді. Бұл өңірдегі су тапшылығынан туындайтын мәселелерді болдырмайды. Айта кетерлігі, бұл елімізде де тұңғыш рет қолданылмақ. Қазір бұл бағытта бірқатар жұмыстар жасалып жатыр.
– Бүгінде біздің өңірде су тапшылығы байқалды. Көшеттеп отырғызудың бұл ретте артықшылығы көп. Мұнда күріш арнайы жылыжайларда өсіріледі. Содан соң көшеттеп егіледі. Осылайша суды аз тұтынуға болады. Мәселен, бүгінде дәстүрлі егу бойынша әрбір гектарға 250 кг тұқым егілетін болса, көшеттеп егудің нәтижесінде тұқымды 5 есе үнемдеп, одан мол өнім алуға мүмкіндік бар. Қазір біздің өңірдегі ең үлкен проблеманың бірі жердің тұздылығы. Соған байланысты қазір күріштің өзінен шыққан қауыз және сабан секілді қалдықтарды өңдеу арқылы биочар деген тыңайтқыш жасау бойынша жұмыстарды қолға алдық. Ол тұздылықты төмендетіп, топырақтың кебірлену процесін болдырмайды әрі топырақтың бойында суды сақтайды. Алдағы уақытта шаруашылықтармен бұл бағытта да бірге жұмыс істейтін боламыз, – деді. Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Нұрбол Аппазов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте.
Күріштен бөлек, егіс дақылдарын егу жұмыстары басталып кетті. Бүгінде облыста 19 681 гектар жаңа жоңышқа, 6 225 гектар мақсары, 4 043 гектар жаздық бидай, 25 гектар соя, 324 гектар жаздық арпа, 5 гектар сұлы егілді.
– Биыл облыс бойынша 188,2 мың гектарға егiс егіледі. Оның ішінде дәндi дақылдар 96,6 мың, майлы дақылдар 6,7 мың, мал азықтық дақылдар 66,4 мың, картоп, көкөнiс, бақша дақылдары 18,5 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 84,4 мың гектар. Сондай-ақ, биыл су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы ауылшаруашылығы дақылдарын егуді де жоспарлап отырмыз. Алда тамшылатып суару әдісімен – жоспарланған 3,0 мың гектарға қызанақ, жаңбырлатып суару әдісімен – 87 гектарға жүгері егуді бастаймыз, – деді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.
22 сәуір 2021 ж. 503 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031