» » Күріш семіздіктен сақтайды

Күріш семіздіктен сақтайды


Күріштің денсаулыққа пайдасы жайлы шындық пен сенім аз емес. Жуырда жапон ғалымдары бұл өнімнің тағы бір қасиетін ашты.
Күріштің арықтауға көмектесетіні бұрыннан-ақ айтылып жүрген, дегенмен күншығыс елінің мамандары арнайы зерттеу жүргізіпті. Зерттеу бақылау әлемнің 136 елінде өткен. Нәтижесінде күрішті көбірек тұтынатын аймақта адамдардың семіздік көрсеткіші төмен болған.
Зерттеушілер өзге де факторларды назарға алған. Мәселен аймақтардағы өмір сүру деңгейі, денсаулық көрсеткіші, т.б.
- Күрішті көп өсіретін, көбірек тұтынатын елдерде семіздік көрсеткіші төмен. Семіздікпен күресу үшін жапон асханасы тағамдарын, азиялық диетаны ұстанған жөн-ақ. Яки күріштен жасалған тағамдарды көбірек жеу керек. Әлемде семіздік дертінен зардап шегіп отырған елдер аз емес. Әсіресе батыстағы мемлекеттер. Негізінен оларға семіздікпен күресу үшін күріш тағамдары көмек бола алады, - дейді Doshisha колледжінің профессоры Томоко Имаи.
Күріш диетасы – арықтауға арналған, әлемдегі ең танымал диета түрі. Ағзаны тұздан, қажетсіз заттардан тазартады. Дегенмен диетологтар күріш тағамдарын шамадан көп тұтыну да зиян екенін ескертеді.

04 мамыр 2019 ж. 1 470 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031