» » Раковинаға ыстық су төгуге болмайды

Раковинаға ыстық су төгуге болмайды



Ыдыс жуатын раковинаға қайнаған суды төге салатын әдет бәрімізде бар. Әсіресе тамақ істеген суды солай қарай қотара саламыз. Алайда мұның сантехникаға зиян екенін білесіз бе?
Ендеше есіңізде болсын, ыстық суды раковинаға құюға болмайды. Одан да суық сумен араластырып төккен немесе суық суды ағызып тұрып, ақырыңдап құйған дұрысырақ. Өйткені ыстық суды раковинаның астындағы шүмек пен құбыр «көтере алмай» қалуы мүмкін.
Қазіргі сантехникалық заттардың көбі поливинилхлоридтен, яғни пластик пен полимерден жасалады. Ал мұндай арзан шүмек 60°C градустан ыстық суды ұзақ ұстап тұра алмайды. Ары кетсе, 1 минуттай шыдауы мүмкін.
Егер ыстық суды раковинаға жиі қоя беретін болсақ, ыстық температураның кесірінен пластик-құбыр деформацияға ұшырап, біріккен, қосылған бөліктері ісініп сынып не кішірейіп бүлініп кетуі ықтимал. Герметикалық қасиеті жойылады. Содан герметикалық бөлігі ажырап, су кетуі мүмкін. Астыңғы көршіге су кететіні де көбінде осыдан.
Мұны тексеріп көргісі келгендер сынақ жасап та көрген екен. Бір шәугім ыстық су құйып, шүмекті тазаламақ болған тұрғын пластмасс ағызғыш мыжырайып ішке қарай кіріп кеткенін байқаған.
Ыстық судан раковинаның өзі де шытынап кетуі мүмкін. Мәселен ваннаға ыстық су құя берсе, сызат түскенін бәрі көрген болар. Раковина да солай, ыстық су мен суық су кезек-кезек құя берсе, шытынап кетері анық.


21 ақпан 2021 ж. 701 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930