» » Қалташа шайдың зиян екені рас па?

Қалташа шайдың зиян екені рас па?

Қалташа шай осыдан 100 жыл бұрын шыққан. Алғашында ұнтақ шайдың сырты фильтр-қағазбен қапталып сатылатын. Мұндай қаптаманың денсаулыққа зиян емес екені белгілі.

Кейін шайдың сыртын қағазбен емес, ас пластикпен қаптап шығаратын компаниялар нарыққа шықты. Қалташа шай зиян деген қауесетке де осы жағдай себеп болған. 2006 жылы The New York Times газеті пластик қалташамен қапталған шайдың зияны жайлы алғаш рет зерттеу материал жариялайды. Осыдан кейін түрлі ғылыми зерттеулер жасала бастады. Зерттеудің көбі қалташа шай зиян деп жанама деректер тапқанымен, оның денсаулыққа қай жағынан зиян екенін толық дәлелдей алмады.

Мәселен, 2019 жылы Environmental Science & Technology журналында жарияланған зерттеуде ас қалташаны ыстық суға салғанда миллиардтаған ұсақ-ұсақ пластик бөлінетіні айтылған. 95 градус бір кесе ыстық суда 11,6 миллиард ұсақ пластик пен 3,1 миллиард нанопластиктің бөлшегі шығатын көрінеді. Алайда мұндай ұсақ-ұсақ пластиктердің адамға қаншалықты зиян екені нақты анықталмады. Ғалымдар шаян тектес жәндікке тәжірибе жасап көргенде, олардың мұндай пластиктерден қорғанып, қашқанын байқаған. Бірақ адамның дәл өзіне тәжірибе жасалмағандықтан, "қалташа шай адамға зиян" деген қорытынды жасау қиын.

Ыстық суға ас пластигін салғанда нейлон мен полиэтилентерефталат сынды зиянды заттардың бөлінетіні белгілі болған. Айта кеткен жөн, 40 градусқа дейін ысыған суды пластик бөтелке мен контейнерге құйса да осындай зиян зат бөлінеді екен. Ондай заттардың арасында формалин, ацетальдегид және сурьма бар. Суды 60 градусқа дейін ысытқанда зиян заттардың мөлшері көбейетіні анықталған. Бірақ қалташа шайға ондай эксперимент жасалған жоқ, сондықтан белгісіз.

Бір қызығы қағаз қалташадан жасалған шайдан осы осыған ұқсас зиян заттар бөлінетін көрінеді. Өйткені қағазды қатайту үшін оның құрамына эпихлоропидин қосады. Ал бұл – канцероген. 1990 жылы жарияланған зерттеуден қағазды хлормен жуып тазалаған кезде, қағазға диоксин сіңіп қалатыны белгілі болды. Бірақ зиян заттардың мөлшері адам денсаулығына әсер етпейді, нормасы орташа.

Сондықтан ғалымдар ас пластигімен қапталған қалташа шайға қарағанда қағаз қалташалы шайды алғанды құп көреді. Экологтар да ас пластиктің қоршаған ортаға зиян екенін айтады. Өйткені мұндай пластик қағаз сияқты тез шірімейді. 

14 ақпан 2021 ж. 469 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031