» » Диетолог кімге шай ішуге болмайтынын айтты

Диетолог кімге шай ішуге болмайтынын айтты

Диетолог дәрігер Аида Киримова чайдың пайдасы мен зияны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Вечерний Волгоград" басылымына сілтеме жасап. 



Маман шайдың қара және жасыл түрінен басқа да көптеген түрі бар екенін айтты. Шайдың түрлері өте көп, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Киримованың айтуынша, шайдың ең қауіпсіз түрі - қытайлық улонг. Оның құрамында көптеген дәрумендер бар, метаболизмді жақсартады, салмақ жоғалтуға және бұлшықеттің өсуіне ықпал етеді. Бірақ оны асқазан-ішек жүйесінің жарасы мен гастритпен ауыратын адамдар аурулары өршіген кезде ішуіне мүлдем болмайды.
Жара мен гастрит кезінде шайдың басқа түрін ішуге болады. Пуэр шайы асқазан қышқылын арттырмайды. Киримова пуэр шайын бірегей шай деп атайды. Бұл шай уланғанда, колит пен дуоденитте көмектеседі, сергітетін қасиетке ие. Бірақ оның қарсы көрсетілімдері де бар. Пуэрді жоғары дене температурасында, глаукома, гипертония, уролития, атеросклероз, жүрек-қан тамырлары аурулары, бүйрек аурулары кезінде ішуге болмайды, сонымен қатар жүкті әйелдер мен үш жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. Дәрігер пуэр шайын белгіленген уақыттан көп қайнату денсаулыққа қауіпті, өйткені ол күшті шайларға жатады деп қосты маман. 
"Қызыл шайдың пайдалы және зиянды қасиеттері де бар. Дұрыс қабылдаған кезде ол метаболизмді қалыпқа келтіреді және денсаулықты жақсартады. Бірақ гибискустың көптеген қарсы көрсетілімдері бар. Асқазан мен ішектің жарасы, орташа және ауыр атеросклероз, ұйқысыздық кезінде бұл шай адамға зиян. Сондай-ақ, қызыл шай температура режимін сақтамағандықтан зиянды болуы мүмкін. Тым ыстық сусын шырышты қабықтың тұтастығын бұзады, ал суық асқазан-ішек жолдарындағы шырыштың тоқырауын тудырады. Гибискусты тек жылы күйде ішуге болады. Тым қатты қайнатылған сусын мигренді және тітіркенуді қоздырады", - дейді маман. 
06 қыркүйек 2020 ж. 964 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031