» » Түрегеп тұрып су ішудің зияндары

Түрегеп тұрып су ішудің зияндары

Ғалымдар түрегеп тұрып су ішудің адамдарға медициналық тұрғыдан зиян келтіретінін білдіре отырып: «Адамдардың асқазандары дененің қалай тұрғанына қарай әртүрлі болады. Яғни түрегеп тұрған кездегі және отырған кездегі асқазанның халі екі түрлі. Асқазанның кішкентай иіңкі бөлігіне сай келетін Вальдейер асқазан қуысы деп аталатын қуыс болады. Сұйық азықтар осы жерден тұрақты ашық қуысы бар асқазан жолынан шығып он екі елі ішекке өтеді. Яғни қысқаша айтқанда адамдардың түрегеп тұрып су ішулері еш жерге әсері болмастан тікелей он екі елі ішекке өтеді. Су адамдар үшін өте маңызды. Бұл суды түрегеп ішкенде су асқазанда бірікпейді және денеге пайдасы болмайды. Егер адамдар суды отырып ішсе алдымен асқазанда бірігеді, қышқылдармен араласып, микробтары өледі, кейін он екі елі ішекке өтеді. Осылай отырып су ішу әдісіне мойынсұну арқылы адам холера ауруымен қоса көптеген аурулардан сақтанған болады. Адамдар көрінген жерден су алып, түрегеп ішіп кете берсе кейбір ауруларға душар болады,» деді. Түрегеп тұрып су ішудің медициналық тұрғыдан зияны болумен қатар бұл жөнінде дінімізде де сүйікті пайғамбарымыз тарапынан айтылған хадистер бар:
«Егер түрегеп тұрып су ішкен адам асқазанына келтіретін зиянды білгенде, ішкен суын құсып жіберер еді.» (Абдурраззақ 10/427 хадис 19588)
«Түрегеп су ішпеңдер. Кімде кім ұмытып, түрегеп тұрып су ішсе, құсып, шығарып тастауға тырыссын.» деген. (Мүслим әшриба хадис 116)
Расулуллаһ алейһиссаламның «Түрегеп су ішуге тыйым салған» деген сөзі Мүслимнің басқа риуаяттарында да «Түрегеп су ішуден қайтарған» деп нақыл етілген. (Мүслим, Әшриба 112, 114)
Су ішер кезде қыблаға қарап, отырып, бисмилләһ айтып, стаканды оң қолға алып ішу керек. Барлық нәрседе болғанындай суды да шамадан тыс мөлшерде ішпеу керек, өте ыстық және өте суық болған сулардан да сақтану керек.
11 мамыр 2018 ж. 2 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031