» » Адамды еңкейтетін де, көркейтетін де – өзі

Адамды еңкейтетін де, көркейтетін де – өзі


ӨНЕГЕЛІ ІСІМЕН, ҚАРАПАЙЫМ МІНЕЗІМЕН ЕЛ-ЖҰРТЫНЫҢ АЛДЫНДА ҚАДІРІ МЕН СЫЙЫ АРТЫП, АҚСАҚАЛ ДЕГЕН АБЫРОЙЛЫ АТАҚТЫ ИЕЛЕНІП ЖҮРГЕН ӘР АУЫЛДЫҢ БЕТКЕ ҰСТАР АДАМЫ, БҰРЫНҒЫНЫҢ ТІЛІМЕН АЙТҚАНДА, АУЫЛ АЙБАТЫ БОЛАДЫ. ЖАСЫ 90-ҒА ТАЯҒАНЫМЕН ТАБИҒАТ БЕРГЕН СҰҢҒАҚ БОЙЫН ТІК ҰСТАП, АЯҒЫН ШИРАҚ БАСЫП, ӨЗІН СЕРГЕК ҚАЛПЫНДА САҚТАУҒА ДАҒДЫЛАНҒАН АТАНЫҢ ҚАЖЫР-ҚАЙРАТЫНА ҚАЙРАН ҚАЛАТЫНДАР КӨП.
Ауданға қарасты Қармақшы ауылының қадірлі қариясы Әбділхамит Әкімтаевтың осынша жасқа келсе де қарттыққа берілмеуінің сыры бар. Жас күнінен еңбекпен есейген ардагер зейнетке шықса да бір тынбайды. Ауласына 100-ге жуық жеміс ағаштарын отырғызып, әлі күнге сол бау-бақшасын күтіп баптайды.
Бір топ тілші ауылға сапарлатып, әуелі Әбділхамит қарияға сәлем беру мақсатымен үйіне аялдадық. Аула жым-жырт. Айнала тыныш. Әжеміз қаладағы балаларына кетсе, үйдегі ұл мен келін жұмыста, немерелер сабақта екен. Атамыз демалып жатқан болар десек, қорадан шығып келеді. Амандық сұрасқан соң «Қарақтарым, қал-жағдайларың жақсы ма? Қуырмашқа қой сойдырып жатыр едім, қуырдақ жейсіңдер» деді қонақжайлық танытып. Алыстан алты жасар бала келсе алдына түсетін дария мүсін, тау кеуде осындай қазыналарымызды қалай өнеге тұтпайсыз.
«Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген. Ауылдың тарихы туралы сұрайтындар бірінші осы кісіге келеді екен. Мұндағы қандай да бір іс-шарадан бұл ақсақалды кенде қалдырмайды. Қай әкім келсе де үлкеніміз деп ақылдасады. Сөзі өтімді, ісі мығым қарияның тентектерді тезге салып қоятыны да бар. Ұзақ жыл жүргізуші болып, шопандарға азық-түлік тасыған еңбек майталманы зайыбы, Батыр ана Бақыт Боранқұлова екеуі 10 бала өсіріп, тәрбиелеген. Балаларының 7-еуі мұғалім болса, қалғандары да өз мамандығымен еңбек етеді. Олардан немере мен шөбере сүйіп, Құдай қосқан қосағымен бақытты күн кешіп отырған жайы бар.
Қазыналы қарттардың әрбір айтқан өнегелі сөзі, тағылымды іс-әрекеті, елінің, туған жерінің өсіп-өркендеуіне арнаған өлшеусіз еңбек жолы, бір сөзбен айтқанда, бүкіл болмысы тұнып тұрған тарих.
Тәуелсіз еліміздің қарыштап дамып, әлем елдері арасынан өзінің орнын белгілеп, дамыған елдер қатарына енуіне кешегі өткен бабаларымыз бен бүгінде елдің ортасында жүрген осындай алдыңғы буын қарияларымыздың еңбегі еселі.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ (сурет)
19 сәуір 2022 ж. 1 049 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031