» » Жасыл бақпен тілдескен

Жасыл бақпен тілдескен

Ақжар ауылындамыз. Тілші болған соң іс-сапарда жиі жүретініміз бар. Ауданға қарасты ауылдарда кездесу өткізіп, бесін ауа осында аялдадық. Межеміз ауылдық клуб үйі. «Соңғы түйенің жүгі ауыр» демекші, шаршағанымыз білініп, түскі құс ұйқы еңсені езіп барады. Ұзақ жол қойсын ба? Шаршаңқы күймен клубтың ауласына ене бергеніміз сол еді керемет әсемдікке куә болдық. Жолдың екі бетінде жайқала өскен қызылды-жасылды гүлдер көңілімізді әп-сәтте көтере кетті. Құдды гүлзарлы баққа кіргендей сезіндік. Анадайда өсімдіктеріне гүбірлей сөйлеп жүрген жас жігіттің жанына барып саулық сұрастық. Бұл гүл өсіруші бағбан – Өркен Рахметов. Әңгімеден гөрі іске бейім жігіттің қолынан мұнша керемет гүлдердің өсіп шыққаны бізді қызықтырмай қоймады.
«2014 жылы осы клуб үйіне жұмысқа келгенімде жасыл желектің бір қылы болмады» деп бастады әңгімесін.
– Аулада екі-үш түп талдан басқа ештеңе өсіп шықпаған. Содан ойыма ғимараттың алдын гүлдендірсем деген ой келді. Сол мақсатыма жету жолында көп еңбектендім. Жыл сайын түрлі гүлдердің тұқымын егіп, сан түрлі өсіріп шығардым. Кейін шаруашылық басшысы жұмысымның нәтижесін көріп, қалаларда өсетін гүлдің көшеттерін әкеліп берді. Өздеріңіз көріп тұрғандай, мына ерекше гүлдер соның нәтижесі, – деді ағынан жарылған бағбан.
Өркен гүл баптауды әпкесі Қуанышкүлден үйреніпті. Әдепкіде ол үй өсімдігін өсіруден бастаған. Кейін есік алдына егіп көріп, соны үлкен іске айналдырған. Әкесі Балтабай ағамыз да бағбандық өнерден алыс болмаса керек. Қазіргі күні ғимараттың алдында әсем өсімдіктің түр-түрі жайқалып тұр. «Махаббат гүлінен» бастап «бақыт гүліне» дейін бар мұнда. «Күн сайын қураған жапырағын қиып күтімін жасап отырамын» дейді ол.
– Гүл де адам сияқты жылылықты сезінеді. Күтіп баптарда сөйлесіп, әңгіме айтып тұруың керек. Ауырып тұрғандарын көрсем жаным ашиды. Көктемде дәрілерін беремін. Суды берерде абай болу керек. Азанғы салқын мен кешкілік уақыт нағыз гүл суаратын кез. Ал түскі уақытта су құйсаң қурап қалады, – дейді кейіпкеріміз.
Жас бағбанның арманы көп. Болашақта ауылды гүлдендірсем деген мақсаты бар. Бізде «бәрекелді, десіп» алдағы ісіне сәттілік тілеп кері қайттық.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
08 қыркүйек 2020 ж. 555 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031