» » Тұрмағамбеттегі тағылымды шара

Тұрмағамбеттегі тағылымды шара

Жуырда Тұрмағамбет ауылының тумалары тағы бір тағылымды шараның куəсі болды. Таңертеңгі сағат 10 да ауылдық клуб үйінің жырау Бүрлібаев Қуандықтың атына берілуіне байланысты клуб үйінің паспортын ашу рəсімі өтті. Рəсімді ауыл тумасы, жыршы Əділхан Қуаңбаев арнау өлеңмен бастады. Ашылу салтанатында аудан əкімінің орынбасары Сəмитов Мəжит Сəмитұлы, жырау зерттеуші профессор Алмас Алматов, зейнеткер Нұртілеу Салықов, Жаңбырбай Дəуітовтер сөз сөйлеп ауыл тұрғында…рын бүгінгі шарамен құттықтап, Сыр Сүлейлерінің жыраулық дəстүрін жалғастырушы, жырау Бүрлібаев Қуандықтың атына беріліп отырған клуб үйінен талай дарынды жыраулар өнерлерін шыңдап, ауылдық клуб дарынды таланттылардың ордасына айналсын деген игі тілектерін жеткізді. Сонымен бірге бұл салтанатты шараға ауылдың сыртта қызмет атқарып жүрген азамат ағаларымыз Сержан Наметша, Бағбан Тəйімбетов, Өмірбек Үмбетов т.б. қатысты. Ашылу салтанатынан кейін облыстық жыршы термешілер фестивалі жалғасты. Фестивалды профессор, жыршы Алмас Алматов жүргізді. Бұдан кейін орталық тойханада жыраудың ұрпақтары əке рухына арнап құран бағыштау мақсатында ағайын-туыстарына ас дастарханын жайды. Тойханада жергілікті ақын апамыз Қазақстан журналистер одағының мүшесі Ү.Өндібаева жырауға арналған толғауын оқыды. Елді мекенде өткізіліп жатқан мұндай игілікті істердің басында ауыл əкімі Б.Байбарақов, аудандық мəслихат депутаты, Тұрмағамбет ЖШС директоры Н.Пірмантаев ағаларымыз жүріп, сырттан келген қонақтарға рахмет айтып, жақсы бастамалар жалғаса беретіндігін жеткізді.
07 мамыр 2018 ж. 2 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 559
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930