» » ҰЗАҚ ЖАСАУДЫҢ СЫРЫ НЕДЕ?

ҰЗАҚ ЖАСАУДЫҢ СЫРЫ НЕДЕ?

Әлемдегі ең ұзақ өмір сүрген адам Ли Цинъюнъ 256 жас жасаған. Ал 209 жасқа келген Ұлыбритания тұрғыны 12 патшалықты басынан өткізген. Мұндай дерек елімізде де кездеседі. Екі, тіпті үш ғасырдың куәгері болған қарт адамдар бар. Әріге кетпей жақыннан дорбаласақ. Өңірдегі ұзақ жасаушының бірі, біз жазғалы отырған кейіпкер әлі де қуатты. «Татулық, бірлік бар жерде жүйке тыныш, көңіл тоқ. Ағайынмен, көршілерімен тату. Анамыздың ұзақ уақыт жасауының сыры да осы – сабырлығы мен еңбекқорлығында» дейді кейіпкеріміздің ұрпақтары.
Фазила Махамбетова – 91 жаста.  Сабырлы мінезімен ағайынның ортасында сыйлы. Сондықтан болар ардагер ұстаздың осы күнге дейін басы ауырып, балтыры сыздап, дәрігерге шағым айтып көрген емес. Жасы тоқсаннан асқан Фазила әжей ширақ қимылдайды. Әрі үй шаруасына да мығым. Біраз жыл білім саласында еңбек етіп, ауданның өркендеуіне елеулі үлесін қосқан әже ұзақ жасауының сырымен бөлісті.
– Адамға керегі ең алдымен – адалдық, ақ пейіл мен көркем мінез. Күйгелек, ашуланшақ адам ерте қартаяды. Ол рас. Болмайтын дүниеге жүйкені тоздырғанша, сабырлық етіп, өзін-өзі ұстай білуі тиіс. Сабыр – сауап. «Сабыр түбі – сары алтын» деген осыдан шықса керек. Екіншіден, адамның пейілі, көңілі таза болуы қажет. Ең зиянды адам – мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса – сол шын адам болады, – дейді әңгіменің тетігін ағытқан кейуана. Бұл бізге де қызық еді.
Себебі Фазила Әбішқызы Алматы қаласындағы ЖЕМПИ-дің алғашқы түлегінің бірі. Аудандағы алғаш географ. Ән мен биді жаны сүйеді. Бірнеше жыл «Әжелер» ансамблінде өнер көрсеткен. Әлі күнге дейін әсем ән қосылса, делебесі қозатынын жасырмады. №26 орта мектепте қызмет жолын бастаған жан «Қызыл ту» орденімен марапатталған. Жұбайы Абдулхамит Асқаров екеуінің қызметі ұстаздық жолынан басталса, үлкен қызы Сара Асқарова мен ұлы Бақытбек Асқаров ата-ана жолын қуып, 30 жылдан аса білім саласында қызмет етіп келеді.
– Кейде есік алдына шығып бір серуендеп қайтамын. Жан-жақтағы балаларымның үйіне қыдырып барып тұрамын. Тамақты уақытымен, пайдалысын ғана тұтынамын. Ағарғанды жиі ішпесем де, әлім жеткенше дене жаттығуын жасаймын, – дейді әжей.
Фазила Махамбетова бүгінде 6 баладан немере-шөбере сүйіп отырған бақытты жан. Ал сол шөберелерінің қызығын көремін дегенше әлі біршама уақыт керек дейді қарт ана.

Айнұр ӘЛИ
27 қыркүйек 2019 ж. 1 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 910

Сұхбат

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031