» » Тігін – өнер мен кәсіп

Тігін – өнер мен кәсіп


Аудандағы аграрлы-техникалық колледж базасында «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша құзыреттілік орталығының ашылуы өтті. Салтанатты іс-шараға аудандық білім бөлімі, басқа да сала, салалық, әлеуметтік серіктестік басшылары және мектеп директорлары қатысты.
Жиынды колледж директоры Ба­уыржан Сайдуллаұлы ашып, қонақтарға колледждегі атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерін көрсетіп, таныстырды.
Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі – жан-жақты дамыған, мамандығын жетік меңгерген, өз елінің патриоты, адамгершілігі мол жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы аталған талаптарға сай мамандықтарды игерген жастарға қазіргі таңда сұраныс жоғары. Себебі нарықтағы бәсекелестік күннен-күнге артып келеді. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес ондаған мамандықтар мен кәсіптерге мамандар дайындау – кезек күттірмейтін талап.
– Әлеуметтік серіктестікпен жұмыс жасау – әрбір түлектің білікті маман, кәсіби шеберлігінің сапасы жоғары болуының негізгі жолы. Осы бағытта біздің аграрлы-техникалық колледж аудандағы 16 мекеме, ұйымдармен әлеуметтік серіктестік туралы келісім шарт жасасып, әлеуметтік серіктестікті нығайту мақсатында бірлесіп жұмыс істеуде. Әлеуметтік серіктестер білім алушылардың өндірістік тәжірибеден өтуіне жағдай жасаса, сонымен бірге өндірістік тәжірибе қорытындысымен білім алушылардың кәсіби дәрежесінің деңгейін, жұмысқа қабілетін айта келіп, түлектерді өздеріне жұмысқа шақырады, – деді колледж директоры Бауыржан Сайдуллаұлы.
Аграрлы-техникалық колледж 2020 жылы желтоқсан айында институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден «Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстан орталығы» Коммерциялық емес ұйымы арқылы табысты өткен. Мұнда мамандандырылған аккредиттеу 3 мамандық бойынша жүргізіледі. Олар – «Автомобиль көлігіне техни­калық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тігінші» және «Фермер шаруашылығы».
Мұнан соң колледж фойесінде тігін өндірісі бойынша студенттердің қолынан шыққан түрлі сәндегі киім үлгілері, дәнекерлеу, офистік, техникалық қызметкерлерге арналған формалар келген қонақтарға таныстырылды. Сонымен қатар, қыз жасауындағы әдемі төсек-жабдықтар көрсетілді. Ғимараттың екінші қабатында құзыреттілік орталықтың ашылуы болды. Онда «Жаңажол» ЖШС директоры Орынбасар Төлепов, Қармақшы тұтыну кооперативі директоры Үрзада Бекмұрзаева, аудандық білім бөлімінің уақытша міндетін атқарушы Гүлзия Дүйсембаевалар сөз сөйлеп, лентасын қиды. Әрі қарай студенттердің тігін тігу шеберліктерін тамашалап, жаңа үлгідегі техникалармен танысты.
Іс-шара одан кейін конференция залында «Тігін – өнер мен кәсіп» тақырыбындағы семинарға жалғасты. Қатысушылар арасында пікір алмасып, ұсыныстар айтылды. Семинар соңында колледж директоры орталық жұмысына сәттілік тілеп, жиынды қорытындылады.
Ерсін ӘЛІБАЙ
12 сәуір 2022 ж. 820 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 384

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 463

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930