Топ-баннер
» » Колледжішілік "Worldskills college" байқауы өтті

Колледжішілік "Worldskills college" байқауы өтті

ЖОСАЛЫ, 25 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Бүгінгі таңда еңбекке қабілетті, кәсіби құзыреттіліктерді жетік меңгерген маман даярлау уақыт талабы. Өңіріміздегі маман тапшылығы мәселесін шешу және жұмыссыздықты болдырмау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Осы бағытта техникалық кәсіптік білім беру колледж студенттерінің кәсіби біліктіліктерін сарапқа салатын байқау - WorldSkills чемпионаты.


Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде колледжішілік "WORLDSKILLS COLLEGE" байқауы болып өтті. Байқау барысында студенттер "Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету", "Электромонтаж", "Тігін технологиясы", "Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеу" құзыреттіліктері бойынша кәсіби шеберліктерін сарапқа салып, бақ сынасты. Кәсіби байқау қорытындысында "Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету" бойынша Сайлауов Асылхан (жетекшісі - Оспанова Жадыра), "Электромонтаж" құзыреттілігі бойынша Ерішов Қайырхан (жетекшісі Қартаңбаева Аманкүл), "Тігін технологиясы" құзыреттілігі бойынша Тимурқызы Гүлмира, "Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеу" құзыреттілігі бойынша Асанов Асылжан 1 - орын алып (Жетекшісі - Досболов Азиз), ұлттық чемпионаттың облыстық іріктеу кезеңіне жолдама алды.
25 ақпан 2020 ж. 1 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 467
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 295

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728