» » Жасөспірімдер мәселесі – әрдайым маңызды

Жасөспірімдер мәселесі – әрдайым маңызды


Қармақшы аудандық прокуратурасының бастамасымен құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың қатысуымен кәмелетке толмағандардың мәселесі бойынша кеңейтілген ведомствоаралық мәжіліс өткізілді.
Сонымен қатар, оған аудандағы барлық мектептердің, колледждің директорлары, орынбасарлары және психологтардың қатысуы қамтамасыз етілді.
Мәжіліс аудан әкімі Ә.Ерсұлтановтың кіріспе сөзімен ашылып, одан әрі аудан прокурорының орынбасары А.Мұратов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Жарқынбаев, білім бөлімінің басшысы Г.Дүйсембаева, аудандық аурухана бас дәрігері Б.Нысанбаевтар баяндама жасады.
Мәжілісте негізінен кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы, ерте жүктілік пен суицидтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдерді жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселені жан жақты талқылап, ұсыныс-пікірлерді ескеріп, мәжіліс қорытындысымен тиісті хаттама жасақталды.
Хаттамалық шешімге сәйкес тиісті уәкілетті органдар мен сала мамандарына нақты міндеттер жүктеліп, тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, мәжіліс соңында кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық шаралар бойынша ағымдағы жылға арналған бірлескен жұмыс жоспары бекітіліп, органдарға орындау үшін жолданды.

Қармақшы аудандық прокуратурасы

08 сәуір 2022 ж. 535 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 342
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930