» » «Еңбек» бағдарламасы: Қызылордада 239 грант алушы қаржыны мақсатсыз алған

«Еңбек» бағдарламасы: Қызылордада 239 грант алушы қаржыны мақсатсыз алған


Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысында 3 мәселе қаралып, тиісті тапсырмалар берілді. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары мен бірқатар басқарма басшылары қатысты.
Алдымен, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев агроөнеркәсіптік саласын дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылу туралы баяндама жасады.
Үш жыл ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдауға 39 млрд. теңгеден астам қаржы (субсидия) бөлініп, 99,9% толығымен игерілген. Дегенмен, құқық қорғау органдарымен Агроөнеркәсіптік бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаржысын пайдалану заңдылығына тексеру жүргізіп, бірқатар кемшіліктер анықталған.
Аймақ басшысы аталған кемшіліктердің алдағы уақытта орын алмау мақсатында ішкі талдау жүргізу қажеттігін айтып, басқарма басшысына субсидиялау нормаларының қатаң сақталуын жеке бақылауға алуды және заңнамада қайшылықтар кездескен жағдайда уәкілетті органдарға ұсыныс беруді әрі жауапты қызметкерлерге құқықтық оқыту өткізуді қатаң тапсырды.
Мұнан кейін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалуын тізбектеді. Басқарма басшысы мемлекеттік грант алушыларға жүргізілген мониторинг барысында 239 грант алушы қаржыны мақсатсыз алғандығы анықталып, нәтижесінде 165 жағдай сот органдарының қарауына ұсынылып, 44-не қатысты қаржыны бюджетке кері қайтару туралы шешімі шығарылғанын мәлімдеді.
Басқарма басшысының баяндамасын саралаған облыс әкімі анықталған заң бұзушылықтарды терең талдап, жүйелік кемшіліктерді болдырмау бағытында шаралар қабылдауды тапсырды.
Жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелері де қаралды. Облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасары Ерлан Бәкіров жобалық кеңсе аясында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты бойынша жобасының іске асырылуын баяндады.
Аймақ басшысы белгіленген іс-шараларды орындауды, уәкілетті орган бекіткен Үлгілік қағидаларға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, бағынысты квазимемлекеттік секторларда жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерінің жұмысын жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ, облыстық ішкі саясат басқармасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жобасында көзделген іс-шараларын орындауды жүктеді.


07 сәуір 2022 ж. 273 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031