» » Гүлшара Әбдіхалықова: Тоқсан сайын бақылауды тапсырамын

Гүлшара Әбдіхалықова: Тоқсан сайын бақылауды тапсырамын

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жиынға комиссия мүшелері, облыстық басқармалар мен аумақтық департамент басшылары және онлайн режимде Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері қатысты.Өңір басшысы мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жұмыстары әрқашанда өзекті екенін атап өтті.

«Әрбір азамат мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңыздылығын түсініп, өз елінің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді азаматтық парызым деп білуі тиіс. Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жұмыстары әрқашанда өзекті және басты назарда болатын мәселе. Бұл ретте, азаматтық қағидатқа құрылған қазақстандық бірегейлік пен бірліктің маңызды бағыттарының бірі мемлекеттік рәміздерді қолдану мәселесі бүгінгі комиссия отырысының негізі болмақ», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтсақ, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова облыстағы мемлекеттік рәміздердің насихатталуы мен қолданылуы бойынша облыстық инспекциялық топтың жүргізген тексеру қорытындысы туралы баяндап, мемлекеттік рәміздерді пайдалануда кемшілік жіберген өңірдегі мемлекеттік мекемелерді атап өтті.

Жалпы, жыл басынан бері облыс бойынша мемлекеттік рәміздер мерекесі қарсаңында өткізілген шараларды қоса есептегенде, барлығы 2749 шара өткізіліп, оған 13 мыңға жуық адам қамтылды. Республикалық және жергілікті телеарналардан 20 сюжет көрсетіліп, республикалық және жергілікті баспа басылымдарда 50-ге жуық материал жарияланды. YouTube каналдары мен әлеуметтік желілерде 800-ден астам материал орналастырылды.

Сонымен қатар, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов, Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев және Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы және насихатталу барысы туралы баяндама жасады.

Жиын соңында облыс әкімі, комиссия төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді және облыстық инспекциялық топтың тексеру қорытындысымен анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

«Мемлекеттік рәміздердің күнделікті жай-күйіне бақылауды күшейтіп, стандартқа сай болуын қадағалау және оларды ауыстыру үшін мемлекеттік тапсырыс аясында уақытылы қаражаттың бөлінуін қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік рәміздер саласындағы заңнама нормаларын қатаң сақтап, тиісті шаралар қабылдаңыздар және қолдану, насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу маңызды. Тоқсан сайын облыстағы мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай қолданылуына бақылау жұмыстарын жүргізіп, қорытындысын баяндап отыруды тапсырамын», – деді облыс әкімі.
21 тамыз 2020 ж. 840 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031