» » Жаңа Қазақстанның жаңа тарихи беті

Жаңа Қазақстанның жаңа тарихи беті


ОСЫДАН БІРШАМА КҮН БҰРЫН, ЯҒНИ 16 НАУРЫЗДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АРНАҒАН "ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ" АТТЫ ЖОЛДАУЫН ЖОЛДАҒАНЫ БЕЛГІЛІ. ӘРБІР ЖОЛДАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНДА ӨЗ МӘН-МАҢЫЗЫ БОЛАТЫНЫН ЕСКЕРСЕК, БҰЛ ЖОЛДАУДЫҢ БҰҒАН ДЕЙІНГІ ЖОЛДАУЛАРДАН ӘЛДЕҚАЙДА ЖҮГІ АУЫР, ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МОЛ ЕКЕНІНЕ ОНЫҢ БАРЫСЫНДА КӨЗ ЖЕТКІЗДІК.
Себебі, алдағы уақытқа қоғамның бағыт-бағдарын айқындайтын қабыр­ғалы құжат әдеттегідей, әлеуметтік, экономикалық мәселеге емес, саяси реформаларға негізделіп жасалды. Бұл ретте, Президенттің сөз басында "Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның ар­қалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік" деп еліміздің алдына үлкен перспективалық мақсаттар тұрғанын назарға алды.
Оның ішінде, Мемлекет басшысы ел бола­ша­ғына қажетті страте­гиялық мұраттарды көз­дейтін он бастаманы ұсынды. Олар, атап айт­қанда, "Президенттің өкілеттігі ту­ралы", "Өкілді билік тармағын қайта құру", "Сайлау жүйесін жетіл­діру", "Партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктері", "Сайлау үдерісін жаңғырту", "Еліміздің әкімшілік-ау­мақтық құрылымын жетілдіру", "Жер­гілікті өзін-өзі басқаруды ор­талықсыздандыру" және "Дағдарыс­қа қарсы кезек күттірмейтін шаралар туралы". Осы бас­тамалардың қа­тарында "Бұқаралық ақпарат құ­ралдарының бәсекеге қабілетін арттыру жә­не азаматтық қоғам инсти­туттарының рөлін ны­ғайту" тақырыбы да кеңінен қаузалды.
Өз бастамасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен "Бұқаралық ақпарат құрал­да­ры бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез келген өркениетті ел үшін ай­рықша маңызды. Отандық ақпарат құрал­да­ры­ның Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жат­қан үдерістер туралы өз көзқарасы болуға ти­іс.
Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, тіпті иде­ол­огиялық дербестігі осыған тікелей байланысты.
Мемлекет ашық ақпараттық кеңістік пен сұранысқа ие әрі пәр­мен­ді ақпарат құралдарын құруға ай­рықша назар аударады. Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен ха­лықтың арасындағы тиімді байланыс арнасы бола отырып, елдегі қор­да­ланған мәселелерді көтере алады және көтеруге міндетті. Бірақ, мұны жоғары жауапкершілікпен жасау керек...
Журналистер өз еліне және азаматтарына шынайы жанашыр болуға тиіс...
Тәуелсіз әрі жауапкершілігі жо­ғары бұ­қаралық ақпарат құрал­дары болмаса, қоғамды од­ан әрі демократияландыру мүмкін емес екеніне сенімдімін. Сондықтан мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарау керек" деді.
Расында да, БАҚ туралы заңға өзгеріс енгізудің уақыты келгендей. Қазір БАҚ-тың, яғни Бұқаралық ақпарат құралдарының орнына, Бұқаралық коммуникация келді. БАҚ-қа не кіреді дегенге келсек, оған газет, журнал, радио-теледидарды кіргіземіз. Сондай-ақ оған сайттарды қосуға болар. Бұл дәстүрлі Бұқаралық ақпарат құралдары. Дегенмен, қа­зіргідей жаһандану үдерісінде заманауи өмір-тіршілік мұнымен шектеліп қалмауда. Бұған қоса, уақыт талабымен, әлеуметтік желі, ақпарат тарататын түрлі басқа да құралдар легі келіп қосылды. Соңғы кездері қоғамда ғылыми еңбектер мен әлеуметтік желілердің қосылуына байланыс­ты бұқаралық коммуникациялық құралдар деген ат пайда бола бас­тады. Тіпті оған әлемдік тәжірибе кітап пен кино саласын да қосады. Әрине, кейінгісінің, яғни бұқаралық коммуникацияның ауқымы мен аясы кең. Бәлки, ертеңгі қабылданар БАҚ туралы заңға осы және еліміздегі Журналист мәртебесіне, оның әлеуметтік категориясына қатысты өзекті мәселелер ескерілер деген үміттеміз. Демократияның бас­ты тетігі саналатын тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдарына Мемлекет бас­шысының тікелей назар аударуын – жақсылықтың нышаны, игі істердің бастамасы деп білеміз.
Сондай-ақ, Жолдауда демок­ратияның негізі – әділ сайлауда екені, соған сәйкес пропор­ци­оналды-мажоритарлық сайлау жүйесіне кө­шу керектігі, партиялардың тіркелуі жеңіл­детілетінін, облыс, қала, аудан әкімдері мен орынбасарларының партия басшысы болуына шектеу қойылатыны, мәслихаттардың рөлін арттыру, Мәслихат төрағасы қызметін тағайындау, Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттігі мен еркіндігі жайында айтылды.
Президент республиканың әкім­шілік-ау­­мақтық құрылымдарына да өзгерістер ене­тінін атады. Халықтың көптен бергі талап-ті­легі ескеріліп, бұрынғы Семей облысы шегінде Абай облысын құрып, орталығы – Семей қаласы болатындығын, Ұлытау облысын құрып, орталығы – Жезқазған қаласы болатындығын, Алматы облысын екіге бөліп, Жетісу және Алматы облысы құрылып, оның орталығы – Талдықорған мен Қапшағай қаласы болатындығын жеткізді.
Жолдауда "Жаңа Қазақстанды" құру жолында еліміздің әрбір азаматы оған өз үлесін қосу керектігі мен бірлік пен ынтымақты ту етуі нығарланды. Осы Жолдауда көрсетілген бағыт-бағдармен жүрсек, Қазақстанның жаңа даму дәуіріне аяқ басарымыз ақиқат. Сол үшін де барлығыңызды елі мен жері үшін жанын аямайтын Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының төңірегіне топтасып, бәріміз адал еңбектің үлгісін көрсете білсек, бұл мақсатқа да айнымай жетеріміз айқын.
Бүгінгідей елең-алаң уақытта Қазақ еліміз аман болып, кемелдене берсін!
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
26 наурыз 2022 ж. 616 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031