» » Ұлжан Файзанова: "Шынайылық жақсы істерге жетелейді"

Ұлжан Файзанова: "Шынайылық жақсы істерге жетелейді"

Жаңару, жасару – әркез жақсылыққа жетелейтін дүние. Ал мемлекет үшін мұның маңызы тіпті де жоғары. Біз осы құндылықты кешегі Мемлекет басшысының "Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы" атты қазақстандықтарға арнаған кезекті Жолдауында анық аңғарғандай едік.  
Қасым-Жомарт Кемелұлының «Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі 1 жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек» деуі – ел дамуының жаңа бағытына желкенін керген Жаңа Қазақстанның жаңа бастауы деп білемін.
Ел үшін қашан да патриоттық тәрбие алғышарт болып есептелген. Осы тұрғыда Жолдаудан үлкен рухани күш алғандай болдым. Бұл маған ғана емес, барша Қазақ еліне де қуаныш пен үміт сыйлады деген ниеттемін.
«Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйіткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған» деп Мемлекет басшысының елімізде жаңа облыстың пайда болатынын айтуы – күтпеген жаңалық болғаны анық еді. Одан бөлек, Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысы, Талдықорған орталығы ретінде Жетісу облысын құру және Қапшағай қаласына аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаев атамыздың есімін беру туралы ұсыныс жасағаны, осы Жолдауды мұқият тыңдаған барлық елжанды азаматтың ойын дөп басты деп ойлаймын. "Ер есімі – ел есінде" демекші, аталған ұсыныс кім-кімді де болса тебірентпей қоймайды. Жолдауды тыңдай отырып, жүрек түкпірінде сағыныш пен жылулық сезімі ойнап, еріксіз көзге жас үйірілді. Қаншама халықтың көкейіндегі патриоттық сезімі қоса оянды. Бойымызды рухани күш-жігер биледі.    
Сөйтіп, Президенттің Жолдауы Жаңа Қазақстанда жаңа бастамаларға жол ашып, тыңнан серпін берді. «Азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын» деген Президент сөзі барша қазақстандықтың болашағы үшін жанашырлық сөзіндей дем берді.
Ұлжан ФАЙЗАНОВА,
аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері
17 наурыз 2022 ж. 643 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031