» » Айдынбек Скендіров: "Жаңа облыстар құрылады"

Айдынбек Скендіров: "Жаңа облыстар құрылады"

Кеше жарияланған Президент Жолдауы бұрынғыдан көп өзгеше болды. Тың идеялар. Ел күткен өзгерістер мен ұсыныстар. Маған алдымен ұнағаны – Президент өкілеттігін азайтып, парламентке беру, депутаттар санын азайту. Бұл халықтың көптен күткен жаңалықтары. Сайлау жүйесін өзгерту, 70 процент депутаттарды тепе-теңдікте  сайлау. Құқық  қорғау институттарын күшейту, конституциялық сот құру. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару ісін оңтайландырып, халықпен етене жақын болуға тиімді әдістер.
Екіншісі, ел тарихында қазақтың бас ақыны, әлемге танымал тұлға – Абай Құнанбаев есімінің алар орнын айтып жату артық болар. Жолдау барысында Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысы екіге бөлініп, жаңа Абай облысы құрылатынын айтқанда, қуанышымызда шек болмады. Абайдың рухы аспандағандай әсерде болдым. Оның орталығы – Семей қаласы болса, Қарағанды облысы да екіге бөлініп, Ұлытау облысы құрылмақ. Оның орталығы – Жезқазған деп белгіленуде. Алматы облысы жаңадан Алматы және Жетісу облыстары болып қайта құрылмақ. Алматы облысының орталығы Қапшағай да, Жетісу облысының орталығы Талдықорған болады деді президент. Мұндай өзгерістер аймақ экономикасы мен әлеуетінің нығаюына едәуір ықпалын тигізбек.  
Қоғам тарапынан Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп өзгерту ұсынысы түссе, президент ұсынысты қолдайтынын жеткізді.
Мемлекет басшысының "Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты..." деп зерделі ой салуы – ел азаматтарын жаңашылдыққа, жаңаруға, жауапкершілікке жетелейді. Лайым солай болсын!
Айдынбек СКЕНДІРОВ,
аудандық мәслихат депутаты
17 наурыз 2022 ж. 902 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930