» » Азиз Дүкенбай: "Жолдау жаңалықтары"

Азиз Дүкенбай: "Жолдау жаңалықтары"

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев парламенттің бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.  Бұл Жолдау бұрынғы  жолдаудан өзгерек.  Себебі,  Президент біз күткен ракурстан асып түсті.  Жұрт жұмыла күткен әлеуметтік пакет,  зейнет жасы, ана мен баланы қолдау,  білім беру үдерісін дамыту,  кәсіпкерлік дамыту туралы тапсырмалар берілмеді. Тиісінше,  саяси пакеттерге толы,  тарихи шешімдерге негізделген жолдау болды. Тарихи дейтініміз,  Қазақстанның аймақтық-әкімшілік басқару формасында,  гео-экономикалық картасында ауқымды өзгерістер күтіп тұр.  Тоқсаныншы жылдармен тіршілігі тұралап,  болашағы бұлыңғыр бола бастаған үш облысты құру жөнінде президент пәрмен берді.  Атап айтқанда, Қазақтың хакімі шыққан шежірелі өлке Семей халқы үшін қуанышты хабар шығыстан  Абай облысы құрылып, орталығы Семей қаласы болып бекіді. Ұлы Түркі жұртының Қара шаңырағы Қазақ елінің ордасы – Ұлытау өз алдына облыс болып, түсті металдың ордасы – Жезқазған облыс орталығы болып бекіді.  Түстігімізде түтіні түзу шыққан  Алматы облысы екіге бөлініп,  Жетісу облысы құрылып,  орталығы Қапшағай қаласы болатын болды деген жолдау жаңалығы. Қош,  жалпақ жұртқа белгілі Қонаев көкеміздің қазаққа қылған қызметі айқын.  Соның ішінде Қапшағай қаласын құру мен дамытудағы ерен еңбегінің бағасы секілді бүгінгі жолдауда аталмыш қаланың атауын Қонаев атымен өзгертуді бұқараның талқысына тастады.  "Халық қаласа хан түйесін сояды" дейді халық даналығы. Сол секілді халық құп көрсе,  қала атауы тарихи тұлға есіміне өзгерту уақыт жоғалтпас жұмыс.  Облыс орталықтары құрылып,  аймақтық-әкімшілік басқаруға байланысты жұмыстар жүзеге асырылатын болса,  алыс ауылдар мен аудандардың тамырына қан жүгіріп,  тұралап қалған тіршілік түлей түспек.  Бір ғана мысал Астана асып асығып көлікпен барсаң жолы жыр болған Жезқазған трассасы жөндеуге жараса деген ниет біздікі.  Жолдау жаңалықтарын жіпке тізгендей жазар болсақ  жарты бет жарымас.  Сондықтан негізгілеріне тоқталып,  хал-қадірімізше анализ жасап үлгердік. Бұрынғы жолдауда әлеуметтік пакетке толтырып,  асқазанға жететін еді,  бүгінгі жолдауда рухани күш сыйлап,  көп қазақты қуантқан жүрегіне жол тапқан жолдау болды.
Азиз ДҮКЕНБАЙ,
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің
оқытушысы,  техника ғылымдарының магистрі
17 наурыз 2022 ж. 600 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930