» » Жолдаудың мән-маңызына арналған актив отырысы өтті

Жолдаудың мән-маңызына арналған актив отырысы өтті


 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылауға арналған облыстық актив жиыны өтті.
 Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен актив отырысына қала әкімі, басқарма басшылары, мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым және қоғамдық ұйым мен БАҚ өкілдері қатысты.
Аудан әкімдері онлайн байланыс арқылы қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жиынды ашқан аймақ басшысы бұл Жолдаудың мән-маңызы айрықша, арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейтінін, ауқымы кең, мазмұны бөлек екеніне тоқталды.
Алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар, ішкі- сыртқы саясат, қауіпсіздік мәселелері айқындалғанын айтты.
– Ел Президенті саяси реформалардың он бағытын нақтылап берді. Бірінші – Президенттің өкілеттілігі туралы. Мемлекет басшысы суперпразиденттік мемлекеттен басқару парламенті бар жолға көшуді айтты. Осы орайда күшті президент, ықпалды парламент, есеп беретін Үкімет қағидаты басшылыққа алынады. Президент конституциялық кеңес, есеп комитеті, орталық сайлау комиссиясы партиядан тыс болады. Облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары партия филиалдарын басқармайды. Екінші – өкілді билік тармағын қайта құру. Енді президенттің өкілеттілігін біртіндеп қысқарта отырып, парламенттің рөлі айтарлықтай артатын болады. Сол арқылы мемлекетіміздің институционалдық тұғыры нығаймақ. Үшінші –сайлау жүйесін жетілдіру. Саяси жүйенің басты мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру. Осы орайда мемлекет басшысы мәжіліс, мәслихат сайлауларына партияда жоқ азаматтардың да қатысуына мүмкіндік беріп , аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынды, – дей келе облыс әкімі Президент нақтылап берген бағыттардың барлығына тоқталып, саралап берді. Жолдаудан туындайтын міндеттер мен тапсырмалардың орындалуын орынбасарлары мен басқарма басшыларына тапсырды.
Актив отырысында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық мәслихат депутаты, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев, «Далатех» тігін фабрикасының директоры Дінмұхамед Абызов, неміс этномәдени бірлестігінің белсендісі Светлана Крюгер, Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры, жастар көшбасшысы Жандос Базартай баяндама жасап, ұсыныстарын білдірді.
Облыс әкімі Жолдаудың бағыт-бағдары тағы да талқыланатынын тілге тиек етті. Әсіресе қарапайым халықтың өз пікірлерін білдіріп, ортақ шешімде болулары керектігіне назар аударды. Мемлекет басшысының бұл Жолдауы  еліміздің тәуелсіздігінің жаңа дәуіріне батыл да нақты қадам жасағанының айқын көрінісі екеніне де тоқталды. 
18 наурыз 2022 ж. 777 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031