» » Екпе алу – еркін өмірге қадам

Екпе алу – еркін өмірге қадам

Республика бойынша коронавирусты инфекциясынан эпидемиологиялық ахуал «тұрақты» деп бағалануда. Елдің көптеген аймақтарында коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайларын тіркеуде күнделікті төмендеу байқалады. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Қызылорда облысы «жасыл» аймақтар қатарына өтті. Ауданымызда жыл басынан барлығы 125 науқас есепке алынды. Тіркелген науқастардың 57-сі аурудың клиникалық белгілерімен тіркелсе, 68-і клиникалық белгілерінсіз тіркелгендер. Қазіргі таңда науқастардың барлығы ауруынан толық жазылып, отбасыларына оралды. 1 науқас негізгі ауруына байланысты облыстық көпбейінді ауруханада қайтыс болды.
Ауданымызда өткен жылдың нау­рызынан бастап 18 жастан асқан ересек тұрғындарды және қараша айынан бас­тап жасөспірімдер мен жүкті (емізулі әйелдерді қоса есептегенде) әйелдерді коронавирусты инфекциясына қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Орталық емхана жанынан арнайы егу кабинеті жасақталып, күнделікті үзіліссіз, демалыссыз егу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күні аудан бойынша ересектер арасында 17070 тұрғын екпе алуға жос­парланып, І тур вакцинамен 19397 азамат (113%), ІІ тур вакцинамен 19350 азамат (96,8%) егілді.
Жасөспірімдер мен жүкті және емі­зулі әйелдерді екпемен қамту бойынша қазіргі кезде І турлы екпемен 2607, ІІ турлы екпемен 1698 жасөспірім егілген. Жүкті және емізулі әйелдер бойынша 459 І турлы, 204 әйел ІІ турлы екпе ал­ған.
Екі жыл ішінде коронавирус инфекциясы эпидахуалының өршуі 1 айдан 3 айға дейін созылып 5 рет көтерілді. Бұл ретте сырқаттанушылықтың әрбір көтерілуі алдыңғы көрсет­кіштерден жоғары болды. Антирекорд­тар жаңарды. КВИ бойынша про­филактикалық және эпидемияға қар­сы іс-шараларды уақытылы жүргізу ау­рудың таралу қарқынын тежеуге және денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктемесіне жол бермеуге ықпал етті. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында бүгінде ін­деттің зардабы азайды. Халық арасында вирус таралуының алдын алу шаралары әлі де белсенді жүргізілуде. Дегенмен елде қалыптасқан тұрақты эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, бірқатар шектеу шаралары өз күшін жойды.
Қазақстан аумағында «Covid-19» таралуының алдын алу жөніндегі ве­домствоаралық комиссияның шеші­мі­мен кезекті жеңілдіктер қабылданды. Атап айтқанда, эпидемиологиялық тәуе­келдің «сары» және «жасыл» ай­мақ­тарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын қолдану міндеті, әлеу­меттік арақашықтықты сақтауға қой­ылатын талаптар мен міндетті термометрия алынып тасталады. Сондай-ақ эпидемиологиялық қауіп-қатердің бар­лық аймақтарында ашық ауада мас­ка­ларды міндетті түрде кию талабы жойылады.
Коронавирус инфекциясы бойынша көрсеткіштердің төмендеуіне бірден-бір себеп вакцинация және ревакцинация. Індетке шалдыққан науқастардың вирус­ты жеңіл түрде өткеруі мен өлім-жітім көрсеткіштерінің тіркелмеуіне де осы иммунизацияның әсері бар деп айтуға толық негіз бар. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 қарашадағы №49 қаулысына сәйкес коронавирусты инфекциясына қарсы екпенің алғашқы екі турын алған азаматтарға 6 ай мерзімнен кейін ревакцинация жұмыстары жүргізілді. КВИ-ға қарсы ревакцинациялау жұмыстары бойынша ауданда бүгінгі күнге бірінші кезекте осал топтарға жататын топтар, яғни медицина қызметкерлерінен 491, педагогтер 1015, полиция қыз­меткерлері 84, 96 студент және 8932 мемлекеттік қызметші мен басқа топқа жататын аудан тұрғындарын қосқанда барлығы 10618 азамат ревакцинациядан өтті.
Коронавирус инфекциясының пандемиясы әлі аяқталған жоқ, сондықтан вакцинация мен ревакцинацияның пайдасына дұрыс таңдау жасау керек, бұл ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына және тұрақты эпидемиологиялық жағ­дайды ұстап тұруға өз септігін тигізеді. Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық профилактикалық шараларды да ұмытпауға шақырамын. Себебі қарапайым ғана сақтық шаралары тек «Covid-19»-дан емес, барлық инфекциялық аурулардан, ауа тамшылары арқылы таралатын вирустардан қорғануға көмектеседі.

Г.ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
26 наурыз 2022 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031