» » COVID-19: індет қаупін сезіне білейік

COVID-19: індет қаупін сезіне білейік

ОБЛЫС БОЙЫНША КОРОНАВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯСЫНАН ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ «ТҰРАҚСЫЗ» ДЕП БАҒАЛАНУДА. РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ КӨПТЕГЕН АЙМАҚТАРЫНДА «ОМИКРОН» ШТАМЫ АНЫҚТАЛЫП, КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ ЖАҢА ЖАҒДАЙЛАРЫН ТІРКЕУДЕ КҮНДЕЛІКТІ ӨСУ БАЙҚАЛАДЫ.
Осы жылдың 13 қаңтарынан бастап эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Қызылорда облысы «қызыл» аймақтар қатарына өтті. Ауданымызда өткен жыл көлемінде барлығы 797 науқас есепке алынса, 2022 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін коронавирусты инфекциясының 51 нақтыланған жағдайы тіркелді. 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдылық 12 есеге көбейген (2021 жылы осы мерзімде 4 жағдай тіркелген). Тіркелген науқастардың 21-і аурудың клиникалық белгілерімен тіркелсе, 30-ы клиникалық белгілерінсіз тіркелгендер. Қазір 13 науқас аудандық аурухананың ЖАБ-де ем алуда. 37 науқас клиникалық белгілерінің болмауына байланысты 14 күнге үй карантиніне оқшауланды. 1 науқас негізгі ауруына байланысты облыстық көпбейінді ауруханада қайтыс болды.
Тіркелген науқастар арасында 14 жасқа дейінгі балалар саны – 2, 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында 1 жағдай тіркелсе, қалған 48 жағдай ересектер үлесінде.
Кәсіби құрамы бойынша талдасақ аурушаңдықтың ең жоғары көрсеткіші 31 жағдаймен жұмыс істейтін және ұйымдасқан топта оқитын жасөспірім (мұғалім – 3, оқушы – 2, студент – 3, қызметкер – 20, медицина қызметкерлері – 3) үлесінде (60,7%), 20 жағдай жұмыс істемейтін азаматтар (зейнеткер – 5, жұмыссыз – 14, мүгедек – 1) арасында тіркелген (39,3%).
Ауданымызда өткен жылдың нау­рызынан бастап 18 жастан асқан ересек тұрғындарды және қараша айынан бас­тап жасөспірімдер мен жүкті (емізулі әйелдерді қоса есептегенде) әйелдерді коронавирусты инфекциясына қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Орталық емхана жанынан арнайы егу кабинеті жасақталып, күнделікті үзіліссіз, демалыссыз егу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күні аудан бойынша ересектер арасында 17070 тұрғын екпе алуға жос­парланып, 1 тур вакцинамен 19299 азамат (113%), 2 тур вакцинамен 16539 азамат (96,8%) егілді.
Жасөспірімдер мен жүкті және емізулі әйелдерді екпемен қамту бойынша қазіргі кезде 1 турлы екпемен 654, 2 турлы екпемен 159 жасөспірім егілген. Жүкті және емізулі әйелдер бойынша 1 турлы екпемен 162, 2 турлы екпемен 51 әйел екпе алған.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 қарашадағы №49 қаулысына сәйкес коронавирусты инфекциясына қарсы екпенің алғашқы екі турын алған азаматтарға 6 ай мерзімнен кейін ревакцинация жүргізуге болады. КВИ қарсы ревакцинациялау жұмыстары бойынша бүгінгі күнге бірінші кезекте осал топтарға жататын топтар, яғни 472 медицина қызметкері, 463 педогог, 76 полиция қызметкері, 14 студент және 137 мемлекеттік қызметші мен басқа топқа жататын аудан тұрғындарын қосқанда барлығы 1299 азамат ревакцинациядан өтті.
Дегенмен, аудан тұрғындары арасында ревакцинация бойынша белсенділік өте төмен. 6 ай мерзім бұрын екі тур вакцина алған тұрғындардың қазіргі таңда тек 24,9 пайызы ғана ревакцинациямен қамтылған (бүгінгі күнмен барлығы 5214 азамат ревакцинациялаудан өтуі қажет). Төмен қамтылған контингенттер арасында халықтың осал топтарына жататын медицина қызметкерлері, мұғалімдер, халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін мемеке мамандары (жергілікті әкімдіктер, меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер мен ұйымдар және жеке кәсіпкерлер) бар.
Қызылорда облысы Бас санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы «Қы­зылорда облысы бойынша шектеу, оның ішінде карантиндік шаралары туралы» №1 қаулысы қабылданды. КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты қаулыға сәйкес бірқатар шектеу шаралары енгізілді. Атап айтсақ, спорттық іс-шаралар, мерекелік корпоротивтер, митингілер, шерулер, адамдар көп жиналатын өзге де ашық ауада, үй ішінде өткізілетін іс-шаралар (отбасылық еске алу, салтанатты, банкеттер, үйлену той, мерейтойлар және тағы басқа) өткізуге тыйым салынды.
Ұйымдар мен кеңсе қызметкерлерінің жұмысына 70% қашықта, 20% күндізгі режимде, COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.
Толтырылуы 50%-ке дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің және банкет залдарының жұмысына рұқсат берілген.
Спорт кешендері, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнес орталықтарға, сондай-ақ, монша, сау­на, бассейндерге «Ashyq» жобасымен жасыл мәртебесі бар азаматтарға кіруге рұқсат етіледі.
Аудан тұрғындары мен қонақтары эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша бетперде киюге міндетті.
Вакцинациялау талай эпидемияларды жеңудегі бірден-бір құрал болып табылады. Сондықтан әрқайсымыз өз өмірімізге, өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарап, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға атсалысуымыз керек. Сонымен қатар, әлеуметтік қатынастарға уақытша шектеу қойып, үй жайлардағы халық тығыздығын азайтуымыз қажет. Сақтық шаралары ғана індетті тоқтататынын ескеріп, вакцина алу және той-томалаққа барудан тыйылуымыз керегін естен шығармаңыздар.

Г.ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы

22 қаңтар 2022 ж. 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031