» » Аудан әкімі мәслихат депутаттарымен кездесті

Аудан әкімі мәслихат депутаттарымен кездесті

Аудан басшысы Әділбек Ерсұлтанов аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп, ауданның негізгі проблемалық мәселелерін талқылады.
Жиында аудан әкімі өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндап, аудандық мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
– Бүгінгі күнге дейін жүзеге асырылып жатқан негізгі жобалармен танысып шықтым. Алда тұрған атқарылуы тиіс міндеттер аз емес. Сонымен бірге, іске асырылып жатқан жобалар да жетерлік. Жосалы кенті табиғи газға қосылды. Жаз-қыс мезгілдерінде балалар демалысына арналған лагерь құрылысы аяқталды. Биылғы жылы Байқоңыр қаласында 50 пәтерлік 5 тұрғын үй, Жосалы кентінде спорт кешені, Қуаңдария ауылында клуб үйі пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ, Жосалы кентінде Тайшық би көшесінде идеологиялық маңызды нысан – Сыр сүлейлерінің аллеясын және Ақай ауылдық округінде спорт кешенін салу жоспарланып отыр, – деді аудан басшысы.

20 наурыз 2022 ж. 750 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 907
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 558

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930