» » Мамандығы – өмірінің мәні

Мамандығы – өмірінің мәні

«Бала күнімде дәрігер болуды армандайтынмын. Үстіне киген ақ халаттарынан олардың жүректері таза, пейілдері кең, көңілдері кіршіксіз екенін байқауға болатын еді. Міне, сондықтан да балалық шағымнан медицинаға құмар болып өстім. Әлбетте, жаны қиналып тұрған адамға қуаныш сыйлау үлкен бақыт деп санаймын. Сол себепті ақ халат киіп жүргенімді мақтан тұтамын» дейді Бақыткүл Еменшеқызы. Осылайша, тәжірибесі мен білімі әбден толысқан маман 2002 жылдан бері мектебімізде балалардың денсаулығына үлкен жауапкершілік танытып жүр.
Ал, бүгінгі маманның кәсіби біліктілігін арттырып, істеген ісінің жемісті болуына себепші болатын жағдай, оның өз кәсібін жанымен беріле істеуі болып табылады. Бұл орайда тілге тиек етіп отырған Бақыткүл Еменшеқызы өзіндік таным-талғамы бар, өзгелерге үлгі боларлықтай маман иесі.
Ана – шуақ, мейірім. Жұдырықтай жүрегіне жылылық пен ұлылық ұялаған әйел – өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. «Ана» атты алып ұғыммен байланысты Отан-Ана, Жер-Ана, Табиғат-Ана секілді ең асыл атаулармен қосарлана айтылуының өзі бұл есімді барынша ұлықтай түседі.
Әйел – ана – өмірдің гүлі, әлемнің нұры саналады емес пе?! Ол жайлы сөз бастағанда, айтып жеткізгісіз бір сезім тұла бойымды кернеп өтеді. Өйткені, тіршілік әйел затынан бастау алады. Аса көрнекті жазушымыз М.Әуезов: «Қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе!» деген екен. Ал, әйелдің халін түзеу, меніңше оның қадірін білу, құрметтеу деген сөз.
Бақыткүл Еменшеқызы Арал ауданындағы Қамыстыбас ауылында дүниеге келген. Ақтөбе медициналық колледжін 1990 жылы бітіріп, Ақтөбе онкологиялық диспансерінде еңбек жолын бастайды. Одан соң Байқоңыр қаласындағы ауруханада терапия бөлімінде медбике болып қызмет атқарып, 2002 жылдан бері №85 орта мектепте еңбек етіп келеді. Бүгінде ол отбасында жолдасы Құрманбек екеуі 3 бала тәрбиелеп отырған аяулы әке мен ұлағатты ана.
Балалар үшін жасаған барлық ісіңіз үшін сізге алғысымды білдіремін. Әлемде сіз сияқты мейірімді және жанашыр, ақкөңіл адамдар көп болсын. Біздің алтын ұя мектебімізде үшін сіз сияқты керемет, сезімтал, мейірімді және жанашыр медбике бар екеніне өте қуаныштымыз.
Менің ойымша, медицина қызметкері болу үшін жүректілік, шыдамдылық, білім мен біліктілік, аса сақтық, ұқыптылық, жауапкершілік, адалдық, шексіз мейірімділік, адамның тәнін ғана емес, жанын емдей алатын психолог бола білу керек. Ең бастысы, Бақыткүл Еменшеқызы секілді мамандықты сүю керек.
Ақбота ЖАЙЫЛХАН,
№85 орта мектептің
логопед-педагогы
15 наурыз 2022 ж. 420 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031