» » Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Қазақ отбасында қыз бала тәрбиесіне баса мән беріп, қызға құрметпен қарайтынын білеміз. Себебі бүгінгі ерке қыз – ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, салиқалы әже болатыны белгілі. Әйел шаңырақтың құты, бағы мен берекесі, отбасының ұйытқысы, тұрмыстың сәні мен салтанаты. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді. Ал дүниедегі мейірім мен махаббат ана сүтіне дарып, әйел жүрегіне ұялаған деседі.
Осы орайда аудандық аналар кеңесінің және «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қызға қырық үйден тию» тақырыбында танымдық кездесу өткізілді. Кездесуге ақ жаулықты әжелер, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Т.Әбенова, аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің «әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобының инспекторы, полиция капитаны А.Қасымова, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Н.Бейбітов, жастар мәслихатының депутаты А.Скендиров, «Демеу» еріктілер тобының төрайымы Әсем Мерекова, жас ұстаздар мен №250 мектеп-лицейдің оқушы қыздары қатысты.
Аталмыш жиында ақ жаулықты аналар қыз тәрбиесінің тәлімді болуына тек ата-ана ғана емес, бүкіл ауыл, ел-жұрт жауапты екенін алға тартты. Жас буынға қызды ты­йып ұстаудың түпкі мәнін түсіндіріп, ұлттың сақталуына үлескер болатын қыздың қоғамдағы рөлін айқындап көрсетті. Түрлі сала мамандары өз білгендерімен бөлісіп, ақыл-кеңес те берді. Жиын соңында қыз балалар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандардан тұщымды жауап алды.
Өмірлік кеңестерімен бөліскен әжелер, аналық ақылын айтқан Тәжігүл Әбенова мен Бақыткүл Райымбаевалар ұлт тәрбиесі үшін өзекті мәселені арқау ете білді. Ар сақтау, ұятты білу, үлкенді ардақтау, кішіні құрметтеу, адамды сыйлау жөнінде толымды пікірлер айтылды.
Осы ретте Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп апамыздың мына даналығын да айта кетсек. Ол өзінің «Бабалар аманаты» атты кітабында «Қазақ қазақ болғалы қыз сыйлаған, қызын алқалаған текті халық еді. Сандығында кілті жоқ жомарт қазақ сол жомарттығын алдымен қызына жасаған. «Ұл – түтін, қыз – күтім» деп қызға жақсыны кигізіп, дәмдіні жегізіп, жорғаны мінгізген. Үйдің оң жақ төріне отырғызған. Тұрмысқа шықпаған қызды «оң жақтағы қыз» дейтіні сондықтан. «Ұрыс-керіс естіген қыздың мінезінің мәні болмайды» деп, қыз көзінше өрескел, бейпіл сөз сөйлемеген, анайы қылық көрсетпеген. «Бақыты байланады, жолы кесіледі» деп қызға қол көтермеген. Тіпті, отырған қыздың аяғынан аттамаған. Мұны кесір деп түсіндірген. Өйткені еркектің де, әйелдің де тарайтын түбі – қыз» деп жазады. Сондықтан да ұлттық болмысымызды сақтағымыз келсе, қыз тәрбиесі қашанда бірінші орында болуы қажет.
Алар тәлімі мол бұл жиын ұлт тәрбиесінде иманды да ұлағатты, ізетті де инабатты қыз тәрбиелеудің аса маңызды екенін ұғындырды. Еркін форматта ұйымдастырылған мұндай кездесулер жиі өткізілсе, жас буынның санасына сіңіп, ұлттық құндылықтарымыз жоғалмасы анық.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
Ерсін СӘДУҰЛЫ (суреттер)
08 ақпан 2022 ж. 631 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031