» » Жосалының жомарт жандары

Жосалының жомарт жандары


Жо­салыда тағы бір сауапты іске дайындық басталып кетті. 3-4 аптадан соң айлардың сұлтаны болған Рамазан келеді. Өкпе мен назды ұмытып, ренжіскендер бір-бірін кешіретін, Алладан медет пен рақым күтетін, жақсылық жасауға асығатын айда кім де болса да алғыстан кенде қалғысы келмейді.
2018 жылы аудан тұрғындарының қолдауы, мешіттің бастамасымен аудан орталығы Жосалы кенті, Томанов көшесінің тұрғыны, 8 балалы жалғызбасты анаға үй салып берген болатын. Осы уақытқа дейін мешіттің бастауымен, жергілікті тұрғындардың атсалысуымен ауданымызда 18 бас­пана берілгені мәлім. Биыл да сол бір игі дәстүрді «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында жалғастырмақ ниет бар. Бұл жобаның айырмашылығы – әр ауданда жаны жомарт азаматтардың қосқан үлесі сол жергілікті жердегі мұқтаж адамдардың баспаналы болуына жұмсалатын болады.
Ауданның бас имамы, мешіт қызметкерлері мен аудан еріктілері Ораза айт мерекесі қарсаңында 6 балалы отбасыға баспаналы болу бақытына үлес қосуға шақырады. Қайрат Нұртай бастап берген бұл челлендж қазір белсенді жүріп жатыр. Бұл дегеніміз – көпбалалы отбасын жаңа баспанамен сүйіншілейтін күннің де алыс емес екенін аңғартады.

Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
15 наурыз 2022 ж. 616 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930