» » Пәтердің кілті табысталды

Пәтердің кілті табысталды

ЖОСАЛЫ, 9 қараша - qarmaqshy-tany.kz Бүгін Ш. Төлепова атындағы мәдениет үйінде Мәуліт айы мерекесінде «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында кезекті пәтердің кілті табысталды, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.


Қармақшы ауданындағы 71 жылғы туылған азаматтар мен «Қармақшы Ата», «Ораз Ахун» мешіттерінің жамағаттары және демеушілер жинаған қаржыға сатып алынған пәтер кентіміздегі баспанаға мұқтаж Нұрлан Шәкматұлына берілді. Бұл Қармақшы ауданы бойынша берілген 4-інші, ал республика бойынша табыс етілген 145-пәтер.
6 бөлмелі пәтер кілтін аудан тұрғындарының алдында «Қармақшы Ата» мешітінің бас имамы Жақсыбек Қажы Әбиұлы мен «Зекет» қайырымдылық қорының Қызылорда облысындағы өкілі Оңталап Тасболатұлы табыстады.
- Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында ауданымызда кезекті төртінші пәтер кілті табыс етілуде. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табары анық. Ауызбіршілік танытып, игі шараға атсалысқан барша халыққа ризашылығымызды білдіреміз, – деді «Қармақшы Ата» аудандық мешітінің бас имамы Жақсыбек Қажы Әбиұлы.
Өз кезегінде сөз алған Нұрлан Шәкматұлы «Ел үлесі пәтерге» жобасын ұйымдастырушыларға, акцияға үлес қосқан барша тұрғындарға алғысын білдірді.

09 қараша 2019 ж. 983 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 875
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30