ЕЛ ҮЛЕСІ - ПӘТЕРГЕ

Өздеріңізге мәлім, өткен 2018 жылы мешіттің бастамасымен, халықтың қолдауымен аудан орталығы - Жосалы кенті, Томанов көшесі 48-үйдің тұрғыны, 8 балалы жалғызбасты анаға үй салынып берілген болатын. 
Биылғы жылы да сол бір игі бастаманы "ЕЛ ҮЛЕСІ - ПӘТЕРГЕ" жобасы аясында жалғастырмақ ниеттеміз. Бұл жобаның айырмашылығы, әр ауданда жаны жомарт азаматтардың қосқан үлесі сол жергілікті жердің мұқтаж адамдарының баспаналы болуына жұмсалатын болады. 1-маусымда "Ораз ахун" мешітінің алдында өткізілген "Рамазан - мейірімділік айы" қайырымдылық шарасында осы "ЕЛ ҮЛЕСІ - ПӘТЕРГЕ" жобасының тұсауы кесіліп, оған аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы өз отбасының атынан 100,000 (жүз мың) теңге қаражат салып, қолдау көрсеткен болатын. Сізді де Алла жазса алдағы Құрбан айт мерекесі қарсаңында 5 балалы жалғызбасты анаға баспаналы болу бақытына үлес қосуға шақырамыз.
05 шілде 2019 ж. 2 936 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 295
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 445

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30