» » ЖЫЛ ҚАМҚОРШЫСЫ

ЖЫЛ ҚАМҚОРШЫСЫ

Қазақта сүрінгенге сүйеу, жығылғанға демеу болу – атадан балаға мирас болып келе жатқан ежелгі дәстүр. Игілік сәулесі нұрын шашқан қазақ қоғамында бұл дәстүр бүгінде өз жалғасын табуда. Мұндай атаулы іске ауданымызда дін өкілдерімен бірге, жақсылыққа жаны құмар жомарт жандар да атсалысуда. Қуанышы мен қайғысы, қиындығы мен шаттығы қатар жүретін өмір-сынақта кімнің басында қандай жағдай болмайды. Сондай бір сәтте көңілге медеу, жанға демеу болатын қайырымды адамдардың жаныңа жалау болып, қолдағаны қандай ғанибет. Биыл аудан мешітінде мешіт жамағатының көмегімен бірқатар қайырымдылық шарасы көрсетілді. Атап айтқанда, Рамазан айында тұрғындарға кентішілік 10, қалаға 1 такси көлігі тегін қызмет көрсетсе, барлығы 50 қап ұн, 50 литр май, 50 келі күріш пен шай таратылған. Мәуліт мерекесінде жамағаттың ұйытқы болуымен мұқтаж жандарға 70 қап ұн берілген. «Мектепке жол» акциясы аясында 50 оқушыға оқу-құралы мен сөмке табысталған. Көптен бері үйге қолы жетпей жүрген Жосалы кентінің тұрғыны, 8 баланың анасына баспана салып берсе, 5 ай сайын 30 отбасыға азық-түлік пен 15 тонна көмірмен қамтыған. Сондай-ақ, «Иманды жастар» атты қайырымдылық турниріне де 100 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Осындай қайырымдылық шарасында аудандық «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы Жақсыбек қажы Әбенұлы, «Ораз ахун» мешітінің имамы Нұрболат Рахметуллаев пен мешіт жамағатының белсенді мүшелері Талғат Пернебаев, Бақытжан Қайырбеков, Берікбай Әбдіраманов, Асылхан Әлиев, Бағдат Әлікешов сынды басқа да азаматтардың салмақты еңбегі бар.
03 қаңтар 2019 ж. 1 791 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 212

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 149

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 321

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930