» » МЕРЕКЕЛЕР ҰЛЫҒЫ – МӘУЛІТ

МЕРЕКЕЛЕР ҰЛЫҒЫ – МӘУЛІТ

Қармақшы ауданы, оның ішінде Жосалы кенті Сыр халқына діни салт-дәстүрді ұлықтауда, нақтырақ айтқанда үлкен асқа спирттік ішімдік қоймау, азалы үйден мүрде шықпай қонақасы бермеу және басқа да өнегелі істермен танылған өлке.
Міне, сондай игі істердің бірі, 1960 жылы өңірімізде өмірге келген ер-азаматтардың бастамасымен басталып, бүгінде дәстүрге айналған Алла Тағаланың ең сүйікті пендесі, Адам атадан (ғ.с.) басталған пайғамбарлардың соңғысы әрі сардары хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айына атау етіп қойылған  күн – Мәуліт мерекесін атап өту мақсатында сенбі күні Шәмшат Төлепова атындағы мәдениет үйінде аудандық «Қармақшы ата» және «Ораз ахун» мешіттерінің қолдауымен,  биыл қазақы салт дәстүрмен 49 мүшел жасқа толған азаматтардың ұйымдастыруымен «Мәуліт – рухани жаңғыру айы» атты рухани-танымдық шарасы кең көлемде аталып өтті.
Қызылорда қаласындағы «Әзірет Сұлтан» және «Мүбарак» мешіттерінің бас имамдары Базарбай қажы Серікбайұлы мен Нұрлыбек қажы Данабекұлының қасиетті Құран-Кәрімде жазылған  аяттарды оқуымен ашылған танымдық шара Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбай Жәкеевтің осындай діни тағылымы мол игі шараны ұйымдастырушыларға арнаған жүрекжарды лебізімен жалғасты.
Содан соң сахна төріне көтерілген Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Оңталап қажы Тасболатұлы, Қармақшы ауданының бас имамы Жақсыбек қажы Әбиұлы діни салауат және Мәуліт мерекесінің маңыздылығы жайлы айтып, қасиетті Құран-Кәрімде  жазылған аяттардың мән-мағынасына тоқталды.
Мерекелік шарада биыл 49 мүшел жасқа толған азаматтар атынан Сәбит Көшербаев, Еркін Сыздықовтар ыстық ықыласын білдіріп, өздерінен кейінгі ізбасарларына бұған дейін ағалар ізімен жалғасып келе жатқан  дәстүрлі «Аманат хатты» тапсыру рәсімін жасаса,  сөз кезегінде «Аманат хатты» қабылдап алушы 1971 жылғылар атынан Серік Тұрымтаев тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор осындай игі шараны жалғастыру өздеріне жүктелген үлкен міндет екенін айта келе, сенімді ақтайтынын жеткізді.
Мерекелік  шарада жұртшылық аудандық мә­дениет  үйі мен аудан көркемөнерпаздары Алмат Байтабанов, Гүлжазира Құрақбаева, Меруерт Әбенова, Дамир Бақытбеков, Гүлфариза Шакарова және мешіт шәкірттерінің ән мен жыр, сонымен қатар  тақырып бойынша көрсетілген қойылымдарын тамашалады.
Сол күні мүшел жасқа толғандар кент орталы­ғындағы 70-тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жал­ғыз­басты қарттар мен аналарға азық-түлікпен қайырымдылық көмек шарасын ұйымдастырды. Сондай-ақ, Жосалы кенті орталығындағы бұрыңғы «Абыт» көлі жанында орналасқан көне зиратты қоршап, айналасына абаттандыру жұмысын жүргізді.
Мерекелік  шара аясында «Малике ана» салтанат сарайында  Мәуліт мерекесін ұйымдастырушылар өмірден өткен құрбы-құрдастарына арнап ас берді. Аста аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов және басқалар сөз сөйлеп, лебізін білдірді. Әруақтарға арнап Құран оқылып, дұға бағышталды.
 Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
20 қараша 2018 ж. 1 465 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 737

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 790

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031