» » Көпбалалы ана баспаналы болды

Көпбалалы ана баспаналы болды

ЖОСАЛЫ, 30 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Діни басқармасы жанынан біршама жылдан бері «Зекет» қайырымдылық қоры жұмыс істеуде. Оған қоса, «Ел үлесі – пәтерге» атты жобасы іске қосылып, елге өз игілігін тигізе бастағанына биыл 2 жыл. Осы жобаның арқасында облысымызда 23 үй берілсе, оның 8-і біздің ауданның еншісінде болғаны атап өтерлік жай.
Бұл ең алдымен мешіт тарапынан ұйымдастырушылық пен түсіндірушілік насихаттың жемісі десек, екіншіден қайырымды жандардың әркез қайырлы іс істеуге, мұқтаж адамға қол ұшын созуға деген мейірімі мен жанашырлығының көрінісі болса керек. Әрине мұндайда ауданның бас имамы Жақсыбек Әбеновтің бастамасымен құлшылық үйінің жанынан құрылған жамағат пен аға буын өкілі, сондай-ақ елжанды жастардың ауызбіршілігі мен ықылас-ниетін ескере кеткен жөн.
Міне қасиетті жұмада осындай қайырымды жандардың ұйытқы болуымен «Қармақшы ата» мешітінде өңірімізде сан бойынша 8-ші пәтердің кілтін табыстау сәтіне куә болдық. Қазақ халқында жиі айтылатын «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген даналыққа тағы бір бас идік. Жосалы кентінің тұрғыны, көпбалалы ана Әсемкүл Көпбосыноваға Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек Ұласханұлы жаңа баспананың кілтін табыстады.
– Биыл Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының құрылғанына – 30 жыл. Айтулы датаның аясында Бас муфтидің идеясымен «Нұр Мүбарак» университетіне 30 грант бөлу, 30 аяқжол өтетін көпір салу, 30 құдық қазып беру, тағы басқа шаралар жоспарланып, іске асырыла бастады. Оның арасында 30 діни қызметкерді, яғни жас маманды баспаналы ету де күн тәртібінде. Соның бірі – жергілікті кәсіпкерлердің демеуімен Ақтөбе ауылының имамына жеке басыбайлы баспана берілмекші. Республикада 30 мешіт бой көтереді деп күтілсе, соның бірі – Төретамда. Жақында ғана оның іргетасын қалап қайттық, – дейді бас имам.
Жақсылық жасап жарысудан ауданымыз алдыңғы қатарда тұр десек, артық айтқандық емес.
– Үйлі болғаныма қуаныштымын. Көптен күткен арманымыз еді. Газ плитасын да сыйға тартты. Менің көпбалалы ана екенімді елеп- ескерген діни қызметкерлер мен қайырымды жандарға көптен-көп алғысымды білдіремін, – дейді жаңа пәтердің иесі.
Бұл күні мешітте пәтер кілтін табыстаумен бірге, әлеуметтік жағынан әлжуаз 10 отбасына азық-түлік пакеті берілді.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
31 наурыз 2020 ж. 627 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031