» » Елі елеген ана

Елі елеген ана

ТАҒДЫР ӨЗІ ТҮРЛІ СЫНАҚТАН ТҰРАДЫ. БІРІНЕ ЖЕҢІЛ, БІРІНЕ АУЫР ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ КІМДІ БОЛМАСЫН ҚАЖЫТАДЫ ЕМЕС ПЕ? АЛАЙДА БҮГІНГІ БІЗДІҢ КЕЙІПКЕРІМІЗ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ҚАСІРЕТТІ ЖЕҢЕ БІЛГЕН ҚАЙСАР ЖАН.
Әсел Бисенова – үш баланы жалғыз асырап отырған ана. Тұрмағамбет ауылында тұрады. Тағдыр тауқыметін тартып, жанкешті өмір сүрген отбасы. Екі өкпеден қысқан дерті жанын жегідей жеген ана. Уақыт өтіп, зырғыған сәттер өз дегеніне дес бермеуде. Үміт үзілмеді. «Балам» деп шарқ ұрған ана жанының жай тапқан сәті еді. Күні мен түнін ауруханада өткізген қайсар ана ауыр дертін жеңіп, отбасына оралды. Қаз-қатар өскен үш балапанымен қауышты. Бала-шағаны жалғыз жетілдіру кімге де болмасын оңай тимесі анық. Жалғыз өзі қоғамдық қызметтер істеп, күн көрудің қамымен жүрді. Ескі сарайды паналаған отбасының бұл жайы ешкімді бей-жай қалдырмады. Халық болып, ел болып қолдағы барын беруге тырысты.
Жақында ауданда баспанаға мұқтаж жандардың тізімін әзірлеп, расымен мұқтаж екеніне зерделеу жүргізетін «Харекет» қорының аудандағы өкілі Әділет Айбытов қарапайым халықтың басты қолдаушысы атанған қор баспанаға мұқтаж кезекті отбасы, жалғызбасты ана Әсел Бисенованың баспаналы болғанын жеткізді. 596-шы үйдің кілтін үй иесіне Әселдің анасы Роза Әбсадықова табыс­тады. «Боталаған» ақжаулықты ананың көз жасы, ақтарған ақ тілегі мен батасы, бәрі-бәрі нағыз мейірімділіктің, мерейдің, шынайы сезімнің белгісіндей еді.
– «Харекет» қорына, халқыма алғаусыз алғысымды айтамын. Жүрегі Алла деп соғатын пенделерге рақмет! Бізді баспаналы қылғандарыңызға, менің ботақандарымның бақытты балалық шағына үлес қосқандарыңыз үшін рақмет! Болашағы жарқын болады деп сенемін. Сіздерге Алла разы болсын! Бұдан бұлай қуаныштан жылап жүремін, – дейді Әсел Бисенова.
Өз кезегінде қор еріктілері қуанышқа өз үлестерін қосуға Алматы қаласынан келген өкіл Жолдас Байғали, облыстан келген өкіл Азамат Каренеев, Арал ауданынан келген қор өкілі Әсет Темірханов, мерейлі сәттің куәсі болған қоғам белсендісі Ерлан Бисенбаевқа алғысын айтты.
Иә, Гүлмира Мұқанқызының бастауымен кірпіші қаланған қор баспанаға зәру болғандарға тұрақ сыйлап, әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып келеді. Оған күні кеше Тұрмағамбет ауылындағы отбасы үйлі болып, бала-шаға жайлы, жылы қонысқа көшіп барғаны дәлел емес пе?
Айнұр ӘЛИ
15 наурыз 2022 ж. 602 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031