» » Халық сыйлаған баспана

Халық сыйлаған баспана



КЕНТ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ КӨНЕ ЕКІҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ БІРІНДЕ ТҰРЫП ЖАТҚАН ОТБАСЫ ЖАЙЫНДАҒЫ ВИДЕО ЖАН-ЖАҚҚА ТАРАЛДЫ. СЫРТ АУДАНДАРДАН «ҚАРМАҚШЫДА РАСЫМЕН ОСЫНДАЙ ЖАНДАР БАР МА?» ДЕГЕН САУАЛДЫҢ ДА ҚОЙЫЛҒАНЫ ЖАСЫРЫН ЕМЕС. ҮМІТ ҮЗІЛМЕДІ. ОНЫҢ ШЫРАҒЫН ҚАЙТА ЖАҚҚАН «ХАРЕКЕТ» ҚОРЫ ОСЫ ОТБАСЫН 539-БАСПАНАМЕН ҚУАНТТЫ.
Бір күнде бірнеше қаралым жиналып, бірінен-біріне тараған бұл видеоны көргендер бей-жай қалмады. Халық болып, ел болып қолдағы барын беруге тырысты. Ауданда баспанаға мұқтаж жандардың тізімін әзірлеп, расымен мұқтаж екеніне зерделеу жүргізетін «Харекет» қорының аудандағы өкілі Әділет Айбытовпен жолыққан болатынбыз. Онда ол жеткілікті қаражаттың жиналғанын, ендігі баспана алу мәселесімен жүргендерін айтқан еді. Міне, араға көп уақыт салмай қарапайым халықтың басты қолдаушысы атанған «Харекет» қоры баспанаға мұқтаж кезекті отбасы, мүмкіндігі шектеулі жан, Жосалы кентінің тұрғыны Назерке Жылтыроваға баспана сыйлады. Үйдің кілтін үй иелеріне Қызылорда қаласының құрметті азаматы, «Абай-Дәулет» ЖШС-ның директоры, кәсіпкер Мұрат Сәрсенбаев пен «Харекет» қайырымдылық қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Азамат Каренеев табыстады.
– Көмекке мұқтаж жанға баспана бұйыруына қармақшылықтар да аянып қалмады. Бар жақ­сылық Алланың разылығы үшін жасалады, – деген қор еріктілері ауа-райының қолайсыздығына қарамай қуанышқа өз үлестерін қосуға қазыналы Қазалы ауданынан келген еріктілерге алғысын айтты. Олар да жақсылықтан қалыс қалмай, балаларға өздерінің арнайы дайындаған базарлықтарын әкеліпті.
– Бізді Алла рақымына бөлеп, ұйымдастырған қордың бастамасымен халықтың арқасында өз үйіміздің кілті табысталды. Мұндай тосын сыйға тап боламыз деп мүлдем ойламадық. Қуанышымызда шек жоқ. Балаларым да тай құлындай тебісіп ойнап жүр. Барлығы мәз-мейрам. Алдымен үй кілтінің біздің отбасыға табысталуына атсалысқан барша қайырымды жандарға алғаусыз алғысымды айтамыз, – дейді жаңа үйдің иелері.
Иә, Гүлмира Мұқанқызының бастауымен кірпіші қаланған қор баспанаға зәру болғандарға тұрақ сыйлап, әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып келеді. Оған күні кеше қармақшылық отбасы үйлі болып, бала-шаға жайлы, жылы қонысқа көшіп барғаны дәлел.

Айнұр ӘЛИ
21 желтоқсан 2021 ж. 486 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031