» » Тағы бір отбасы баспаналы болды

Тағы бір отбасы баспаналы болды

Биыл 2 отбасыға баспана кілті табысталған болатын. Қуанышты сәтте пәтерден-пәтерге көшкен жандардың көңілі шаттыққа толып, балалар алаңсыз асыр салып ойнап жүрген-ді. «Қазір мешіттегі тізімде жоқ отбасын толықтай зерделеу үстіндемін. Жыл соңына дейін екеуінің бірі өз үйіне, жаңа қонысына қадам басады» деп еді сол кезде республикалық «Харекет» қайырымдылық қоры аудан бойынша еріктілер тобының жетекшісі Әділет Айбытов.
Содан бері көп уақыт та өтпеді. «Айтылған сөз – атылған оқпен тең». Қайырымдылық істе ішкен асын жерге қоя сала білек сыбана кірісетін ол жыл соңына дейін тағы бір отбасының баспаналы болуына себепші болды.
Гүлмира Мұқанқызының бастауымен кірпіші қаланған қор баспанаға зәру болғандарға тұрақ сыйлап, әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып келеді. Күні кеше ғана қармақшылық отбасы үйлі болып, шеттей бала-шаға жайлы қонысқа көшіп барды. Қордың «30 күнде – 60 баспана» акциясы аясында 6 баланың анасы Эльмира Қалиева баспаналы болды.
– Бізді Алла рақымына бөлеп, ұйымдастырған қордың бастамасымен халықтың арқасында өз үйіміздің кілті табысталды. Мұндай тосын сыйға тап боламыз деп мүлдем ойламадық. Қуанышымызда шек жоқ. Балаларым да тай құлындай тебісіп ойнап жүр. Барлығы мәз-мейрам. Алдымен үй кілтінің біздің отбасыға табысталуына атсалысқан барша қайырымды жандарға алғаусыз алғысымды айтамын, – дейді көпбалалы ана.
Ал қордың аудандағы еріктілер тобы жетекшісінің айтуынша, бар жақсылық Алланың разылығы үшін жасалады. «Елге пайдамыз тисе, жастарға үлгі болсақ екен деп жүрген жайымыз бар» дейді ол сөз арасында. Әсілінде жастардан, еріктілерден қолдаушылар көп болып, жақсылыққа бірге атсалысып, сауаптан құр қалмаса игі.
Айнұр ӘЛИ

21 желтоқсан 2020 ж. 775 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031