» » 2019 ЖЫЛЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА 22 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

2019 ЖЫЛЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА 22 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Хазреттің бастамасымен "қайырымдылық" бағыты бойынша ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойыша өкілдігі бірқатар игі шаралардың жүзеге асуына себепші болды.
2019 жылы атқарылған ауқымды жобалардың сандық көрсеткіштермен берілген есебі төмендегідей:
Бас мүфтидің тапсырмасына сәйкес, биылғы жылдың күзінде «Ақмешіт-Сырдария» қайырымдылық мекемесі ашылған болатын. 45 адамға шақталған мекеме 2 қабаттан тұрады, 15 жатын бөлмесі, 2 сынып, асханамен қамтамасыз етілген. Жатын орны мен 3 мезгіл тамағы тегін.
Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде 20 тігін машинасымен жабдықталған «Шебер әйел» қолөнер орталығы ашылып, жұмыссыз қыз-келіншектер тегін тігін курсын оқуда.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Сыр мешіттері 1502 баланы оқу құралдары салынған мектеп сөмкесімен және 23 баланы мектеп формасымен жабдықтады.
Қайырымдылық бағытында 4373 отбасыға азық-түліктей, 1014 отбасыға қаржылай көмек көрсетілсе, 40 000 астам кісіге ауызашар беріліп, 25 тонна құрбан еті үлестірілді.
Сонымен қатар, «Сыр елі Арыспен бірге» қайырымдлық акциясы аясында мешіт жамағаттары атынан 1 900 000 тг қаржылай көмек көрсетіліп, 1 камаз және 6 газель азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттар жіберілді.
ҚМДБ «Зекет қоры» қайырымдылық қорының Қызылордадағы өкілдігінің мұрындық болымен:
- 2019 жылы 1014 отбасыға қаржылай көмек берілсе, 790 отбасыға киім-кешек үлестіріліп, 171 балаға түрлі көмек көрсетілді.
- «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 22 отбасы баспаналы болды.
07 қаңтар 2020 ж. 858 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 057
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 658

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031