» » Рұқсатсыз кіретін жалғыз есік

Рұқсатсыз кіретін жалғыз есік



Адамның өмірі миллиондаған есіктен тұрады десем, сенесіз бе? Сенбесеңіз, оқып көріңіз. Адам өмірге келгенде дүние есігін ашады. Білім алып, жетілу үшін мектептің есігін ашады. Оқу бітіріп ересек адам болған соң, үлкен өмірге есік ашады. Қызметке орналасу үшін мекеменің есігін ашады. Ал қол ұстасқан қос ғашық отау құрғанда отбасылық өмірдің есігін ашады. Бұл біз түсінетін есіктің астарлы мағынасы.
Ал кәдуілгі өмірге оралсақ. Айналамыз түрлі есікке толы. Қай жерге бас сұқсақ та есікке келіп тірелеміз. Әр есіктің артында сан қилы тағдыр, алуан түрлі өмір. Тіпті көп нәрсенің куәгері де осы есіктер. Жылдар өтіп, уақыт жылжыған сайын баяғы ауланы қоршаған ағаш шарбақты биік дуалдар, үнемі ашық тұратын үй есіктерін бар-жоғы білінбейтін құлыптар алмастырған. Қай жерге кірсек те есікті қағып кіру күнделікті дағдымызға айналғалы қашан. Есіктің арғы жағынан «кір» деген дыбыс шықпай немесе үй иесі өзі есік ашпаса ішке енбесіміз анық. Қарап отырсақ, осындай қатал талапсыз, рұқсатсыз емен-жарқын кіре алатын жалғыз ғана есік бар. Ол – әрбір адамның өз үйі, өз баспанасы. Бұл туралы шариғатта да көрсетіледі. Бұл туралы«Ей, мүміндер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рұқсат алмайынша әрі үй иесіне сәлем бермейінше кірмеңдер. Бұл сендер үшін қайырлы. Әрине түсінерсіңдер. Егер үйде ешкімді таба алмасаңдар, өздеріңе рұқсат бермейінше кірмеңдер. Егер сендерге: қайтыңдар – делінсе онда қайтыңдар. Бұл сендер үшін жақсырақ. Алла не істегендеріңді біледі. Ішінде отырылмайтын нәрселерің бар (қонақ үйі сияқты және т.б.) үйлерге кірулеріңнің оқасы жоқ» деген аят та бар.
Расымен де, көпшілік мән бере бермейтін құтты шаңырақтың есігі біз үшін құнды болуы шарт. Себебі ол сен үшін қашанда ашық. Бұл есіктің арғы жағында біздің алаңсыз балалығымыз өтіп, отбасы туралы түсінігіміз қалыптасты. Ата-анамыздың махабатын сезініп, жанұя жылуымен үлкен өмірге қадам бастық. Сондықтан да риясыз көңілмен рұқсатсыз кіретін жалғыз есігіңіз болса, оны бағалағаныңыз жөн.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
03 тамыз 2021 ж. 1 672 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 419
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 223

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930