» » Жас маманның жоспары көп

Жас маманның жоспары көп


Ауданға іргелес ІІІ Интернационал ауылы бар. Бұл жерде "Жүзі басқа болғанмен жүрегі бір, тілі басқа болғанмен тілегі бір" түрлі этнос өкілдері мекен етіп келеді. Расымен келбеті қазаққа келмесе де, жан дүниесі бізбен егіз азаматтар көп. Солардың бірі – Али Джумабаев. Ол ауылдағы №108 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі. Ұлты – түрік. Жас маман болып осы салада қызмет істеп жүргеніне 3 жылдан асыпты.
– Мектеп қабырғасында жүргенде өз еліме, өз мектебіме қызмет істеу арманым болатын. Себебі барлық туған-туыстарым, жақындарым осында орналасқан. Одан бөлек ауылдың дамуына өз үлесімді қосу ол да бір тілегім. Қазір көп жас мектеп бітірісімен сыртқа кетуді қалайды. Туған жерін өркендетуден гөрі өзге аймаққа бет бұруды жөн санайды. Қазір мемлекетіміз ауылдардың әл-ауқатын, жағдайын көтеріп жатыр. Жастарды керісінше ауылға тартуға жұмыс жасауда. Осыған орай "Дипломмен ауылға" бағдарламасын іске қосты. Менде солардың бірі болып елге қызмет етіп жатқан жайым бар, – дейді жас маман.
Кейіпкеріміз көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін Алғыс айту күнін жыл сайын мектеп ұжымы болып атап өтетінін жасырмады. "Мереке күні түрлі челлендждер түсіріп Қазақстан халқын құттықтаймыз" дейді ол.
– Осы күнді ауылдағы түрлі ұлт өкілдері болып асыға күтеміз. Өйткені қазақ елі қиын кезеңде бізді көкірегімізден итермей, қайта құшағына басып қамқорлық көрсеткен. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы. Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Бүгін біз, миллиондаған адамның өз ұлттық ерекшеліктерін сақтап, бақытын тауып Отанына айналған киелі қазақ жеріне, кеңпейілдігі мен қонақжайлығы үшін алғыс айтамыз, – дейді ағынан жарылған Али Мехралиұлы.
Иә, қазақ халқының жомарттығы мен мәрттігі, қамқорлығы мен сыпайылығы жөнінде Ұлы далаға табаны тиген талай елдің саяхатшылары ерекше сүйсініспен жазып қалдырған. Демек, қиналғанға демеу, тарыққанға жебеу болу халқымыздың қанында әу бастан бар қасиет.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
01 наурыз 2022 ж. 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031