» » Ісмерлер үйірмесінің үздігі

Ісмерлер үйірмесінің үздігі

Әр бала өзінше тұлға. Өзгелерден ерекшелендіретін әрқайсының бойындағы туа бітті қасиеті. Жосалылық Балнұр Ертаеваның қазақ қызына тән биязылығы мен қарапайымдылығы басқадан дараландырып тұрады.
Ол О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектептің 6 сынып оқушысы. Оқуда озат, қоғамдық жұмысқа да белсене араласады. Сондай-ақ аудандық оқушылар үйіндегі «Hand made» үйірмесінің белді мүшесі. Көздің жауын алатын түрлі бұйымдар жасаудың шебері.
Жас өркеннің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарынды танып-білу, дамытуға бағыт-бағдар беру, оны жетелеу – ата-ананың парызы. Балнұрдың бойындағы қызығушылықты аңғарған ата-анасы 3 сынып оқып жүргенде қолөнер үйірмесіне қатыстырады. Сол уақыттан бері түрлі бұйым жасауды үйреніп, қолы жаттыққан Балнұр бүгінде көз тартар дүниелер дайындаудың шебері. Қазіргі сәнге орай дайындалған үйтұмар, тоқыма қобдиша, майлықтар мен шұлықтан жасалған ойыншықтар дайындауды жаны сүйетін Балнұр Нұрланқызы түрлі байқауда да топ жарып жүр. Нақтырақ тоқталсақ, облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында өткізілген «Қалдықтардан жасалған ғажайыптар» байқауының «Ғажайып қиял» номинация­сынан І орын иеленсе, «Менің ғажайып кейіпкерім» тақырыбында өткен сайысқа қатысып, өз шеберлігін танытқаны үшін алғыс хатпен, аудандық оқушылар үйінде өткен «Қайта өңделген қолөнер» тақырыбындағы көрмеде жүлделі ІІІ орынмен марапатталған.
– Осы үйірмеге қатысудың мен үшін маңызы зор. Себебі мен осындай жұмыстарды өз қолыммен жасағанды ұнатамын. Кейін оларды үйіме көркемдік үшін іле аламын немесе болашақта өзіме киімдерге оюларды тіге аламын, – дейді өнерлі оқушы.
Сондай-ақ ол бос уақытын тиімді пайда­ланып, ғаламтордан қолөнер бұйымдарының жасалу жолдары туралы ақпарат қарағанды да ұнатады. Уақыттың талабына сай ізденіп, заманауи үлгідегі заттарды жасауды қолдайды. Ал арманы – мектепті жақсы үлгеріммен аяқтап, ақ халатты абзал жан болу.
Балнұрға төзімділік пен ептілікті талап ететін өнерді меңгеруде жетекшілік етіп, ұлттық өнермен сусындатып жүрген ұстазы – Марал Аймаханова. Ол аудандық оқушылар үйінде «Hand made» үйірмесін жүргізеді.
– Кішкентай ісмер қыздар үшін замануи сәнмен ұлттық нақышты келістіріп, қолдан түрлі бұйым жасау еш қиын емес. Әр баланың өзінше қабілет-қарымы бар. Бойдағы еректікті тани білсе, баланың дарыны ашылады, әрі қарай дамыта түссе, талантқа айналады. Әр адамның таланты неғұрлым ертерек ашылғаны жақсы. Балалар қол өнерін үйрену кезінде шығармашылық арқылы ұлттық құндылықтарды бағалауды үйренеді. Себебі біздің жұмысымызда қазақы нақыштағы бұйымдар жасауға басымдық берілген. Бұл жерде ешқашан лекция болмайды. Қазақы оюмен безендіруді, қолдан түрлі бұйым жасауды барлығын балалар іс жүзінде меңгереді. Шәкірттерімнің арасында Балнұр Ертаеваны мақтанышпен айта аламын. Бір ерекшелігі – бастаған дүниесін толық аяқтамайынша, тыным таппайды. Айтқан немесе көрсеткен нәрсені тиянақты орындайды. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, олардың өнерлі де шебер болып өсулеріне ұйытқы болып, білім мен өнерді қатар ұштастырып келеміз, – дейді жетекшісі Марал Аймаханова.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
Ерсін СӘДУҰЛЫ (сурет)
08 ақпан 2022 ж. 587 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031