» » Туған еліңді жақсы білесің бе?

Туған еліңді жақсы білесің бе?


АУДАНДАҒЫ МЕКТЕП КІТАПХАНА ҚОРЛАРЫНА «ШИКУЛА» БАСПАСЫНАН «СИҚЫРЛЫ ЖҰЛДЫЗША», «АТАМЕКЕН СИҚЫРЛЫ ЕЛІНІҢ АҢЫЗДАРЫ», «СИҚЫРЛЫ ҚАЗҒЫШ-ТАЯҚША», «ҚАЗАҚСТАН ЕЛІМЕН СИҚЫРЛЫ САЯХАТ» КІТАПТАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ.
Бұл кітаптар түрлі жастағы балаларға арналған ежелгі Қазақстан тарихы мен туған елінің киелі жер атауларының шығу тарихын тартымды түрде баяндап, жас оқырмандарды қызықты білім әлемінен (астрономия, география, тарих, аңыздар және тағы басқасы) еліктіріп әкетеді.
Аталмыш кітаптар мектеп оқу­шыларының туған елін танып білуге деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға деген құштарлығын қалыптастыру, балаларды Отанымыздың тарихын білуге, өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын жас ұрпақ бойына сіңіру мақсатында жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушылары арасында «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық балалар байқауының І аудандық кезеңі болып өтті. Аудандық кезеңге 96 оқушы қатысып, 5 оқушы (№273 мектептің 7 сынып оқушылары Арсен Жолдасбаев, Ұлдай Қаратаева, №272 мектептің 6 сынып оқушысы Жұпар Сералиева, №80 мектеп-гимна­зияның 6 сынып оқушысы Жанерке Кайрбек, №279 мектеп-ли­цейінің 6 сынып оқушысы Ержан Абдрахманұлы) «Самғау» командасын құрап ІІ облыстық кезеңге жолданды. Облыстық кезеңнен 1 орын алып, ІІІ республикалық кезеңге қатысып, онда да 1 орын алып, ІV республикалық финалға қатысып «Самғау» командасы ІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Нұр-Сұлтан қаласы, «Нұрлы Орда» бизнес орталығында жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушылары арасында «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық балалар оқулары бай­қауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Оған №273 орта мектебінің 7 сынып оқушысы, «Самғау» командасының топ басшысы Ұлдай Қаратаева жетекшісі осы мектептің кітапханашысы Бақтыгүл Төлегенова қатысты.
Республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздарын дипломмен марапаттап, бағалы сыйлықтар табысталды.
№273 мектептің 7 сынып оқушы­лары Арсен Жолдасбаев пен оның жетекшісі, осы мектептің кітапхана меңгерушісі Гүлсім Тұрғанбаева, осы мектептің 7 сынып оқушысы Ұлдай Қаратаева мен оның жетекшісі, кітапханашы Бақтыгүл Төлегенова, №272 мектептің 6 сынып оқушысы Жұпар Сералиева мен оның жетекшісі, осы мектептің кітапхана меңгерушісі Патшагүл Нұрова, №80 мектеп-гимназияның 6 сынып оқушысы Жанерке Кайрбек пен оның жетекшісі, кітапхана меңгерушісі Жұмагүл Дәу­летбаева, №279 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Ержан Абдрахманұлы мен оның жетекшісі, кітапхана меңгерушісі Сұлуай Күзембаеваға және мектеп басшыларына, оқушылардың ата-аналарына ризашылығымызды білдіреміз.

Айгүл ҚОСАНОВА,
аудандық білім бөлімінің әдіскері
25 қаңтар 2022 ж. 429 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 262

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 361

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930