Құрылтай
» » Игі істер жалғасын таппақ

Игі істер жалғасын таппақ

Облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қармақшы аудандық білім бөлімі жұмыс жасауда.
«Менің алғысым» тақырыбында білім беру мекемелерінде сурет байқауы ұйымдастырылды. №80 мектеп оқушысы Тілеубаева Аяжан, №85 мектептен 9 сынып оқушысы Кеңесбай, 5 ә сынып оқушысы Орақов Абай, №30 мектептен Ермұхаметұлы Нұржан мен Нұрхан Нұрмұхаммедтің, №275 мектептен 3 «Б» сынып оқушысы Ашыкбай Жусипбидің суреттері « Ең үздік сурет» деп бағаланды №26 орта мектебінде балалардың елін, жерін сүюге, отанының патриоты болуға, өз елімен мақтана білуге тәрбиелеу және дарынды жас суретшілерді шығармашылық ізденіске баулу мақсатында ұйымдастырылған байқауға мектебіміздің 3 сынып оқушылары қатысты.
Балалар өз туындыларында Қазақстанның әсем табиғаты мен кең даласы, өз отбасына, туған туысына деген махаббаттары бейнеленген. «Менің алғысым» атты сурет байқауының қорытындысы бойынша 3 «А» сыныбы татулық пен ауызбіршілікпен 1 орынға ие болды, жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды. Игі істер жалғасын таппақ.


09 ақпан 2019 ж. 2 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 445
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 949

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031